0 дауыс
6.9k көрілді
Ақын-жазушылардың қыз балаға арнаған өлең-жырлары керек болып тұр.Қыз баласының тәрбиесі жөнінде қозғаған сөздері болса,немесе,Қыз Жібек,Баян сияқты кейіпкерлерге теңеу болса жақсы болушы еді.Алдын ала рахмет :)

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек,шiркiн,соғады қанша елең.
Артық па екен, бiлмедiм,емес шығар?
Арналса да қыздарға қаншама өлең.
Жыр дегенiң сезiмтал тамшы ғана,
Сол тамшыда жатады ар-шұғыла.
Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,
Болмаса олар әдемi ән шыға ма?
Бас иiп табиғаттың iзгi арына,
Әсемдiктiң көз салдық бiз бағына.
Қазақтың ән өнерi,жыр өнерi,
Қарыздар ғой алдымен қыздарына.
көп рахмет,ал авторын білмейсіз бе?
0 дауыс
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
0 дауыс
Бота көз,қаз омырау,құлын мүсін,
Қарасаң жаулап алар жанарды шын.
Қазақтың қызындағы сұлулықты,
Әлемді алты айналсаң табармысын!!!
...