+2 дауыс
2.1k көрілді
Қасы көзі қиылған деп қыз балаға айтылады ма, әлде ұл балаға да ма?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызбалаға арналып айтылатын сөз! бір қарағанда қаратпа сөзге ұқсайды бірақ түп төркіні қыздарды еліктіру өзіне қарату немесе еркелетуге арналған сөз! оған тіпті мынадай өлең шумақтарында мысалға келтіруге болады; Қасы көзі қиылған мені көріп жымиған деген өлеңдерде болады. Ол сөәздің айтылуының тағы бір мақсаты қыз бала қасының әдемілігіне мән беріп қастарын сәндік үшін неше түрлі қылып жұлдырып әдеміленеді ал ербалалар қастарын қырмайды. Көзі қиылған деген сөзге келер болсақ  қыз бала қашанда ибалы инабатты боландықтан ерлердің немесе адамбардың бетіне тіке қарамайыды көздің қиығымен жәйләп назар салатын болғандықтан Қасы көзі қиылған деген сөз болуы мүмкін менің ойымша
+2 дауыс
Егер ұл баланың да қасы-көзі қиылып тұрса айтатын шығар))
+1 дауыс
көбінесе қыз балаға айтады ғой. Ер балаға айтқанын естімеппін.
+1 дауыс
Қазір ұлдарға да айтады.
+1 дауыс
Жалпы қасы қиылған адамға айтады, жынысы маңызды емес.
0 дауыс
көбінесе қыздарға айтады меніңше........
0 дауыс

«Аққу» болғым келмейді....

Мен бүгін бір сұлуды кездестірдім. Адам баласының осындай сұлулыққа ие бола алатынын білмеппін.

Қасы көзі қиылған, жүзінен нұр төгілген бұл қызды көргенде, өзімді ұсқынсыз үйрекке ұқсаттым. Ал, ол болса, аққу. Иә, иә – аққу. Беті – аппақ. Кіршіксіз таза. Безеудің ізі де көрінбейді. Қасы, шынымен де, қиылған.

Технологияның қарыштап даму деп осыны айт! Қасың қандай формада болмасын, өскенде өзгертіп алуға болады. Мүлде ұнамаса не қасыңыз көрінбесе де, қорқынышты емес. Косметолог апайларымыз барлыған алып тастап, әдеміліеп тұрып сызып береді. Рахатын-ай! Сосын оған тиіспесең де болады. «Су шайып кетеді» деп алаңдамай-ақ қойыңыз. Оның бәрі ойластырылған. Көзі ше! Қарашығынан жылулық лебін сезбесеңіз де, көздері қарақаттай қап-қара! Бір көргеннен көңіл аударасыз. Кей күндері жасыл не көк болып өзгеріп тұрады екен. Пах-пах! Қандай көздер! Кірпігінің ұзындығын айтсаңызшы! Ашып-жұмғанда дүниені дүр сілкіндіретіндей! Күшті, ә! Кірпік қаққаныңнан  бар дүние өзгеріске түссе! Ол қызда арман жоқ шығар...Өзі қыр мұрынды екен. Құдай берсе, аямай береді екен ғой! Туғанында ондай болмапты. Бірақ, не керек, пластикалық отаның дамығанына қай заман. Ал, ерні...Анжелина Джолидікіндей! Біреуге ондай ерін ұнамас, біреуге ұнар. Бірақ әлем сарапшыларының шешімі бойынша, сондай формадағы ерін – « ең әдемі».  Үріп алғандай екен! Әлде, шынымен үріп алған ба, кім білген... Шашы да әдемі! Ұзын, қара, жалт-жұлт етеді....Бойы да ұзын. «Лубутеннің»  туфлиінің өкшесінің ұзындығы 12 см-дей! Бірақ, әдемі. Үстіне киген «Диордың» көйлегі бар кейпіне үйлесіп-ақ тұр. Мойнындағы, қолындағы «Тиффанидің» әшекей бұйымдары өз нәзіктігімен ерекше сұлулық  беріп тұр. Қандай керемет! Жиырма бірінші ғасырдың «Қыз Жібегі» деп осыны айт! Мен де осындай болсам ғой! Ханшайыммен сөйлесуге талпынып едім, айтқандарынан түк түсінбедім. Көп тілде сөйлей алатындығынан болар, шатасып кете береді. Иә, көп тіл білсең сол ғой, екі сөйлемді ұштастыра алмайсың...Маған оны түсіну қайдан! Көп тілде сайрамаймын ғой. Хахаха... Күлкім келеді. Үйге келе сала, маған күнде «сенен сұлу ешкім жоқ» дейтін өтірікші айнаға барып ызаландым. Айна бетіне  қайта қарағанда, сәбиін құшағына алып отырған ананың бейнесі елестеді. Ол кезде, бағанағы хас сұлуды ана ретінде елестетіп көрдім. Қорқамын!..Ондай "аққуға"айналғанша, мен өмірбойы «ұсқынсыз үйрек» болғым келеді...

P.s.:

P.S. «Адам көркі – шүберек». Осындай әдемі заттарды алуға әркімнің қолы жетсін. Қызғанбаймын. Бірақ, арулар, косметологияның дамығаны осы екен деп, асыра сілтемеуге тырысайықшы!

...