+4 дауыс
1.2k көрілді

Айдос Сарым ағамыздың ғарышкерлердің алғашқы тобында болған Марс Рафиков жайлы постынан соң ойыма осы орыс азаматы түсіп кетті.

Владимир Жәнібековтың фамилиясы жылы тартып тұр ма? Ендеше, айтайын. Бұл азаматтың негізгі фамилиясы - Крысин. Орыс дейді енді Уикипедия, әй, қайдам) 1942 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ескендір ауылында (1956 жылдан бұл ауыл Бостандық ауданының құрамында Өзбекстанға кетті) дүниеге келген. Кеңес Одағының екі мәрте батыры және Моңғолияның батыры атағын алған. Ғарышқа бес рет ұшып, барлығы 145 тәулік 16 сағаттай көкте болған және ең бастысы, барлық ұшуларында да кеменің командирі болған. Кейінгі 30 жылда бұл рекордты тек бір рет қана американ астронавты бұзыпты, былайша Жәнібековке бұл жағынан әлі ешкім теңеспеді деуге болады. СССР-дің ең тәжірибелі ғарышкері деп аталған Жәнібеков фамилиясын өзінің алғашқы әйелі Лилия Жәнібековадан алған. Себебі, Крысин деген фамилиясымен оның сәтті ғарышкерлік карьерасы қалыптасар ма еді, қалыптаспас па еді, кім білсін...

Владимир Жәнібеков

Ал енді ең қызығы, Лилия Жәнібекова - ноғай жазбасының негізін қалаушы, алғашқы ноғай әліппесі мен сөздіктерінің авторы Абдулхамид Жәнібековтың (ноғай-қарағаштың ішінде сейіті) немересі.
Ғарышқа ноғай ұшқан жоқ, бірақ оның фамилиясы қазақтан бұрын бес рет ұшып қайтқан, если шо)

2 жауап

+1 дауыс
Мм, қызықты мәлімет екен) сізге +1
0 дауыс
Ғарышқа ұшса неге телеарнада,оқулықта көрсетілмеген не себепті жасрды екен?Мен өзім бірінші рет көріп тұрмын?
...