Ия ондай сәттер болады. Кейде түнде ұйықтай алмай ары аунап, бері аунап, ұзақ жататын кездер болады. Көзімді жұмсам да ұйықтай алмайтынмын, бірақ жата беретінмін. Енді тағы да солай болса, кітап оқимын деп ойлап жүрмін. Меніңше, ең дұрысы сол сияқты. Есесіне құр жатппай, рухани азық жинайсың, уақыт та босқа өтпейді. Сіз де солай жасап көріңіз. Егер кітап жоқ болса, ұялы телефоннан кітаптардың электронды нұсқасын оқысаңыз болады. Немесе онша емес тағы бір нұсқам бар, ол: әлеуметтік желілерден Файзулла Мұхамедәлінің(вк,фейсбук,инста:mukhamedali13), яғни менің жазған блогтарымды оқысаңыз болады. :)