0 дауыс
768 көрілді
Химиялық өнімдерді шампун,фери т.б немен,қандай табиғи заттармен ауыстыруға болады? (жарысқа керек еді)

1 жауап

0 дауыс

Басыңызды күн сайын жуасыз ба? Тоқтатыңыз! Шашымыз жылтыр да сау болуы үшін әр қайсысымыз сусабынның зиянынан қорғануымыз қажет, әсіресе ер адамдар. Бұл кеңесті шаштараздар көп ескертеді. Көптеген кәсіби шаштараздар басты аптасына 2 реттен артық жууға болмайтынын алға тартады. Бостонның шаштаразы Ван Капиццано тіпті сусабыннан бас тартуды ұсынады. Себебі сусабын құрамында шашқа кері әсерін тигізетін қоспалар көп. Күкірт қышқылы мен басқа да химиялық заттар шаштың табиғи майы мен ондағы сау, жұмсақ, жылтыр көрсететін элеметтерді жояды. Шашқа "сынып тақтасы" секілді қараудың қажеті жоқ, яғни, душтан соң құрғағанша сүртудің керегі шамалы. Оның орнына шашқа күтім мен қоректі қажет ететін "өсімдік" секілді қараған абзал. Әр күн сайын душқа түспесе жүре алмайтын адамдар уайымдамаса да болады, шашқа су тигізуге болмайды деп отырған жоқпыз. Сусабын мен көбікті нәрселерді қолдану орнына, ыстық душта бас терісіне саусақтармен массаж жасаса жеткілікті. Бұл терідегі өлі жасушалар мен кірден сол сәтте арылтады.

Танымал ұлты қырғыз Жапонияда тұратын блогердің пайымдауынша жуғыш құралдар тек маркетингтің  бір бөлігі, шашымыз жылы су көмегімен де тазара алады. Алайда санамызға сіңген ой мен шашымыздың туылғалы сусабынға үйренуінен кейін одан бас тарту әрине қиын. Блогер бірақ қазіргі таңда өз тәжірибесінде оның (жылы таза су) шаш "денсаулығына" аса жақсы әсер ететінін байқаған.

...