+1 дауыс
4.8k көрілді
Суйген адамыңды қызғанбасан ол басқаша ойлап қалады, ал қызғансаң тағы жаман, сенбегендей боласын.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Не нәрсенің болсада өз мөлшер,шекарасы бар.Мөлшерімен ішкен у да ем болады,асып кетсе өлтіреді.Артығымен жұтсаң ауаға да шашаласың,ал сол ауа болмаса тағы да тұншығып өлесің.Демек барлық нәрсенің екі жағы бар,жаман -жақсы,шуақты - көлеңкелі, пайдалы - пайдасыз дегендей.Қызғаныш та сондай.Өз қалыбынан аспаса ол сезім ,құндылық қорғанышы,ал шектен асып кетсе бүлдіруші.Қызғаныштың сауыты сабыр.Сабырмен ақылға салып безбендесе қызғанышты жеңуге де,өз мүддеңе пайдалануға да болады.Шолақ ақыл,тыз етпе ашу қызғанышты өртке айналдырады да,тас - талқан етеді.Сондықтан да әруақытта сабырды дос қылуға тырысыңыздар.
Қызғаншақтық ақылдың көзін байлайды, соқыр қызғаныш көзсіз өтеді. Жақсы жазыпсыз. Әр нәрсеге күдікшіл көзқараспен қарауға да болмайды екен, соны ұрыс-керіспен аяқталады. Тақырыпқа қатысы жоқ сұрақ қойсам бола ма? Қыз бен жігіттің мінездері бір-біріне қарама-қарсы болып келсе  олар қосыла алады ма?
Ерж,сауалыңды жеке сұрақ түрінде жазсаңшы,жақсы сұрақ екен. Басқа да оқырмандар жауап жазуына жақсы болар еді,менде шамам келгенше ойымды білдіремін.
өте дұрыс айтылған.
+3 дауыс
Шын суйсен кызганасын олда кызганады,тусиниспеушиликпен карау керек адам бир бирине
+3 дауыс
Қызғаныш – соқыр дүние, -дейді))
...қызғаныш екі түрлі...
1-ші оған сенбеген кезде...немесе өзіңе...
2-ші шексіз қатты сүйгенде...
-екіншісі біртіндеп жоғалады...
-біріншісіне ақырындап көзің жетеді...
өте жақсы айтылған
+2 дауыс
Арине адамда қызғаныш сезім болады, жануарларда да болады,тек доныздар ғана бір-бірін қызғанбайды екен.....енді қараңыз сіз қызғаныш сезімін жеңсеңіз онда білмедім...
+2 дауыс
"Қызғанбаған еркек  жұмаққа кірмейді"  дейді го... бірақ өз уақытымен.шектен тыс қызғанбаған жөн...
+1 дауыс
Қызғанышқа жыным келеді,ол кім не қалай деп көп сұрақ қойып,қан ішетін сұрақтарды,соны ренішке акелетін қызғанышты жек көрем, оданда қызғанбаған жақсы,сол қызғаныш кейде адамды шаршатып жібереді... Орнымен қызғанбағасын...солда жеткілікті...
0 дауыс
Қызғаныш болсын, бірақ орнымен болсын!
...