0 дауыс
833 көрілді
Мен жігітіммен жүргеніме 10 ай болды.Осы уақыттың ішінде, ол мені қызғанған емес.Керісінше мен оны қатты қызғанып,қатты іздеймін.Қайта-қайта хабарласамын.Сонда оның маған деген сезімі болмағаны ма? Бірақ менен көмегін аяған емес, қиын кездерде қасымда болды.Оның  мені қызғанғанын калаймын, ол үшін не істесем екен?

3 жауап

+1 дауыс
Көп соқпа, мән бермегендей боп жүр, агентте көп отыр, дос жігіттеріңмен көп сөйлес көзінше!!!
Көзіне шөп сал демегеніне шүкір))))
Маке қатырасың сен де!!!
0 дауыс
Әдімі киініп ал, боян. Күнде-күнде боян. Қылықтарыңды көрсет. Таксиге мінсен тек жас жігіттерге мін. Олармен флирт жаса.  Достарың көбіне жігіттерден болсын. Жігіттерге мән берген сайын, оларды іздеген сайын қыз міндетті түрде әлсірей бастайды. "Әлсірейді" яғни соған ғана тәуелді болып қалады. Тәуелді бол, бірақ іштей, бірақ тәуелді екеніңді сездірме. оны іздегің келсе де, іздегеніңді білдіртпе... Түптеп келгенде қызғаныш - ең жаман ауру!
мен сөз байланысым лағып кетіпті ғой ә? Қасымдағы қызбен әңгімелесіп отырып жауап жазып едім, айып етпессіздер!
МЕНІҢ то есть
Менің киімім және боянғанымда мін жоқ.Мінезімде ашық жарқынсөйлеп қалған адаммын. Бірақ өзімнің жігітімнен басқа жігіттермен араласпайды  да достаспайды  да екенмін. Енді сіздің пікіріңіз бойынша басқа да жігіттермен араласып көрейін.Жауабыңызға рахмет!
Басқа жігітпен араласамын деп жүріп, менің  кесірімнен орталарыңа сызат түсіп кетпесін))))) Айтайын дегенім,  оның қызғанышын тудыру үшін ол сізбен көптеген жігіттердің танысып жатқанынан  хабардар болсын)))) Басқа жігіттер сізге таңдансын, солдардың таңданысын жігітіңіз көрсін)))
басқа жігіттермен оның көзінше ғана сөйлесіңіз!сыртынан сөйлеспеңіз!арты жаманға апарып соқтыруы мүмкін!кейін ол өкпелеп көңілі қалуы мүмкін!сосын қайдан білесіз,оның сіздің қасіыңызда қиын жағдайда табылатынына қарағанда аса салмақты орнымен сөйлейтін жігіт сияқты,мүмкін ол білдітпейтін шығар....>мына суреттегідей мысалы)))))<img src=" title="" alt="" /></a>
+2 дауыс
Біреулер қызғаныштан құтыла алмай жүрсе, енді біреулер жете алмай жүр. Түһ, не деген шым-шытырақ әлем десеңші...
Қиналғанда қасыңда болса, көмегін аямаса одан артық не керек? Бағыңды бағаласаңшы. Алыстан сыйласқан да бір ғанибет-ау!
Қолда барда алтынның қадірін білгейсің. Жоғарыдағы екі жауапты құп көретін болсаң, айналып алдыңа келерін ойла. Ол да дәл сенің қылығыңды қайталап, басқа қызбен әмпей бола алады.
Соңғы кезде құрбыларымның жігіттері құрбыларыма көп хабарласады,іздейді,қызғанады.Соларға қарап қызығып қаламын.Бір жағынан сіздікі де дұрыс қолда барда алтынның қадірі жоқ.
Көркем, сіздің пікірлерініз өте жақсы. Дегенмен, менің қосатыным, кыз баласына ештене жақпайды, мен өзім жақсы көрген қызды қызғанған болатынмын, оны қатты уайымдап, оған кунделікті хабарласып та туратынмын, қолымнан келген көмекті аянбайтын едім. Бірақ сол ісім оған мулдем ұнамады, мен осыны тусінбедім....      Hamdilla егер жігітініз сізді қызғанбайтын болса, онда ол. ешнарсеге қызықпайтын, жан-жағына көп мән бермейтін жігіт болғандығы шығар деп ойлаймын. Сіз ен бастысы өзіңізді сыйлата білініз.
Белгісіз
Достар сіздердің пікірлеріңіздің барлығы ұнады.Тағыда қызықты жауаптар күтемін.

Ұқсас сұрақтар

...