Туристік-өлкетану жорықтарының жоспары?

0 дауыс
1.7k қаралым
Балалар лагерінде жасөспірімдермен өткізілетін туристік-өлкетану жорықтары қызықты да, есте қаларлықтай өткізіледі. Бұл іс-шара балаларды қоршаған ортада жөн табуға үйретеді. Балалардың танымдық, бейімделушілік қасиеттерін дамытады. Жорық ойдағыдай өту үшін алдын-ала жоспар құрастырылады.

1. Жорыққа шықпас бұрын балалармен қауіпсіздік ережелері, жорық кезіндегі әр қайсысының міндеттері мен тәртіп ережелері туралы әңгіме өткізіледі;

2. Жорыққа шыққанда жетекшілер балаларды қоршаған ортада жөн табуды, компасты, картаны, қоршаған орта белгілерін пайдалануды үйретеді;

3. Табиғатта зерттеу жұмыстары жүргізіледі: өзен, тау жыныстары, топырақ, өсімдіктер зерттеледі. Елді мекендерге тоқталып, табиғи ескерткіштерді суретке түсіреді;

4. Спорт және туристік ойындар өткізіледі;

5. Туристік құжаттар мен істелген жұмыстар туралы есептемелер дайындалады. Мүмкіндік болса, жорық нәтижелері жергілікті газеттерге жарияланады.

Осы жоспар дұрыс па?
• Санаты: Жалпы сұрақ

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,812 сұрақ
322,409 жауап
153,154 пікір
72,859 қолданушы