0 дауыс
10.2k көрілді

 Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары.(қысқаша)

4 жауап

0 дауыс

 Дешті Қыпшақ пен Жетісуға жорықтары 

Әмір Темірдің 14 ғасырдың 70 – 90-жылдары Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жасаған басқыншылығы. Әмір Темірдің билікке ұмтылысы оны 1360 – 1370 жылдардағы тақ таластары шайқалтқанымен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе-бет келтірді. Бірақ онымен соғыспас бұрын Әмір Темір өзінің солт. мен шығыстандағы ең жақын көршілері – Ақ Орда мен Моғолстанды нысанаға алды. Ол бұл істе өзіне Ақ Ордадан қашып келген Тоқтамысты пайдалануға ұмтылып, оны әскерімен жасақтап, 1374 – 1376 жылдарда үш рет Ақ Ордаға аттандырды. Темір Мәліктің 10 мыңдық әскерін 1376 жылда Сығанақ түбінде талқандағаннан кейін Әмір Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады. Бірақ 1377 жылда Темір Мәлік көп әскермен келіп, Сауранның түбінде Тоқтамыс әскерін талқандады. Әмір Темір Тоқтамысты өзінің әскербасыларымен бірге Ақ Ордаға тағы да аттандырды. Ол Ақ Орданың басты қаласы – Сығанақты басып алды.

1371 жылда Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды, ол бұл жолы Алмалыққа дейін жетті. Мұның артынша Әмір Темірдің өзі бастап жорыққа шығып, Ыстықкөл өңіріне дейін келіп, көптеген тұтқын мен олжа түсіріп қайтты. 1375 жылда Әмір Темір әскері Моғолстанға тағы да жорыққа аттанып, Шарын өзен шатқалында Қамар әд-Динмен шайқасты. Қамар әд-Дин жеңілгеннен кейін Әмір Темір әскері моғолдарды Іле өзене дейін қуып, Самарқандқа олжамен оралды. Әмір Темір Моғолстанға жорығын 1377 жылда жалғастырып, Қамар әд-Дин әскерін Қаратау етегінде және Ыстықкөлге таяу маңдағы Бұғым шатқалында талқандады. Бұдан кейін Қамар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған Тоқтамыспен Әмір Темірге қарсы одақ құрды. Мұндай одақ Еңке төре мен Қызыр қожа хан тарапынан да қолдау тапты. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілерінің күш біріктіруіне жауап ретінде Әмір Темір 1389 жылда Моғолстанға және 1390 – 1391 жылдарда Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады. 1389 жылда Әмір Темір әскері Тарбағатай өңірінде Еңке төренің әскерін талқандады. Шығыс Түркістанды паналаған Қызыр қожа Әмір Темірден жеңіліс тауып, оған тәуелділігін мойындады. Іле өзен бойында жеңіліс тапқан Қамар әд-Дин Алтай өңіріне бет алды. Моғолстанды талап-тонап, оның билеушілерін қуып шыққан Әмір Темір Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа бет бұрды. 1391 жылда Әмір Темір 200 мың әскерімен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп, талқандады. Самарқандқа қайтар жолда Ақ Орда ұлыстарын талап-тонады. Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы жорығын 1395 жылда жалғастырып, Cолтүстік Кавказда, Терек өзен аңғарында оның әскерімен шайқасқа түсті. Жеңілген Тоқтамысты Әмір Темір әскері Елекке дейін қуып, содан кейін Алтын Орда қалаларын ойрандады. Алтын Орданың Еділдегі астанасы Сарай-Берке, Еділ бойы мен Қырымдағы ірі қалалар – Астрахан, Каффа, Азақ тағы басқа қирады. Бұл соққы Алтын Орданың саяси құлдырауы мен ыдырауын тездетті.

Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.

Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.

Әмір Темір жорықтарының Қазақстан үшін, ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды.Қолға түскендер құлдыққа айдалып, Орта Азия қалаларындағы базарда сатуға түсті. Өртелген қалалардың күлі ғана қалды.

Әмір Темір жорықтарының зардаптары

Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйредіЕл арасындағы байланыс үзілді, қалалар қирады.Ауа көшу, қоныс аудару көшейді, халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына зардабын тигізді.

Әмір темір қайтыс болар алдында Қытайды жаулау үшін Самарқаннан көп әскермен шығады. Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме» жазбасында:Сейхун жағасынан аттанған Темір сәрссенбі-12 раджап күні Отырардағы Бәйдібек сарайына тоқтайды.Барлық ханзада, әмір, айналасындағы жақын адамдар жеке-жеке бөлмеге орналасады. Кенет патша ордасы саналған сарайда сол күні төбесінен от шығып, өрт болады.Өрт тез өшірілсе де, қасындағылар жаман түстер көреді. Осы жазбада: «807ж10 шаабада Әмірдің ыстығы қатты көтеріледі.Қалтырап отырып өз күналары үшін Құдайдан кешірім сұрап, орнын сауапты істермен толтыруға уәде етеді.Біріқ науқасы күшейе түседі. Аурудың дәріден күшті екенін сезген соң, өлімге дайындалып, өсиет сөзін айтты» -делінген. Ибн Арабшахтың «Аджаиб ал-мақдур фи ахраби Тимур»еңбегінде Темірдің қатты суықта Отырарға келіп, шарап әкелуді тапсырып, ауырғанын, оны емдеген дәрігердің маңдайына , ішіне мұз құйып емдегенін жазады.Ал, Мұхаммад Фадлаллах Мусеви жылнамасында былай делінеді: «темірде шарапқа құмарлық пайда болды, үш күн сонымен уақыт өткізді, тағы үш күн арақ ішті, тамақтан нәр татпады. Ақыры ішкі ыстық оның ішкі денсаулығына денсаулығына әсер етті, айналасындағылар бұл арақ ішкеннен болған ауру деп түсіндірді .Ол тағы бір жұтым арақ алдыртты.» Барлық деректер аурудың бір ғана себебін меңзейді.

Әмір Темір жорықтарының Қазақстан үшін, ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Қолға түскендер құлдыққа айдалып, Орта Азия қалаларындағы базарда сатуға түсті. Өртелген қалалардың күлі ғана қалды.

...