+1 дауыс
2.3k көрілді
Туристік агенттік қызмет – туроператор қалыптастырған туристік өнімді іске асыру және жылжыту бойынша  жеке және/немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі. Туристік агенттікті қалай ашуға болады?

2 жауап

0 дауыс

Туристік агенттік қызмет – туроператор қалыптастырған туристік өнімді іске асыру және жылжыту бойынша  жеке және/немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі.

Қазақстан Республикасының туроператорлық қызметті лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түрі болып табылады. Алайда туристік агенттікті ашуға лицензия талап етілмейді. Сол себепті, егер сіз турагенттік ашуды жоспарласаңыз, жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркеу алғашқы қадам болып табылады.

Турагенттікті қалай тіркеген дұрыс?

Өз туристік агентігін ашуды жоспарлай отырып, көптеген бизнесмендер оны қалай тіркеу дұрыстығы туралы ойланады: жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде . Әр форманың өзіндік оң және теріс жақтары бар.

Жеке кәсіпкердің негізгі артықшылықтарының бірі ЖК ретінде фирманы ресімдеу неғұрлым жеңілірек, ол үшін дайындалатын құжаттар да, кететін уақыт та аз және неғұрлым үнемдірек. Сонымен қатар, ЖК салық салудың және бухгалтерлік есептілікті жүргізудің қарапайым формасына ие. ЖК әкімшілік жауапкершілігі неғұрлым аз, алайда серіктестер және клиенттер алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Мысалы, егер жеке кәсіпкер қарызды жаба алмаса ол өзінің несиегерлеріне өз мүлкінен төлеуге міндетті. Бұл әрине үлкен кемшілік. ЖК тағы бір теріс белгісі, ол қоса құрылтайшылық мүмкіндігін шығарады, ол қоса құрылтайшылық мүмкіндігін жояды, себебі ол тек бір адамға тиісті.

Турагенттікті ЖШС ретінде тіркеудің артықшылығы ЖК  қарағанда фирма құрылтайшылары бірнеше болуы мүмкін, осылайша сіз серіктестермен өз бизнесіңізді жүргізіп, өз ісіңізді кеңейте аласыз, филиалдарды аша аласыз. Сондай-ақ бизнесті ұйымдастырудың осында нысанының қаупі аз, компания қарыздары бойынша  оның жарғылық қапиталының мөлшерінен аспайтынын атап өткен жөн. Алайда бизнесті жүргізудің осы нұсқасын таңдауда бірқатар кедергілер бар: дайындауға көптеген  уақыт өтетін құжаттарды ұсыну талап етіледі. Сондай-ақ ЖШС есептілікті жүргізу үшін бухгалтер талап етіледі. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есептілігі анағұрлым күрделірек және басшының барлығын өзі жасауы екіталай: кәсіби қызметке жүгіну қажеттілігі туындайды.

Енді сіз  бизнесті ұйымдастыру нысандарының оң және теріс жақтары туралы пікіріңіз бар және олардың қайсысы неғұрлым ыңғайлы екенін анықтай аласыз.

Туроператорды таңдау

Әрі қарай турагентке қалыптасқан қатынастар жағдайында аталған фирма үшін арнайы қызметтер пакетін әзірлеп, ұсыныстар мен жаңа турларды сатуға енгізу туралы фирманы хабардар ететін өзінің туроператорын таңдауы қажет.

Туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыру турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінміндетті сақтандырудың жарамды шарты болғанда рұқсат етіледі. Турагент және туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы туристік қызметтерді көрсету бойынша туроператор және турагент қызметін жүзеге асырудағы туристердің мүліктік және (немесе) өзге мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Турагент  азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасаған сәттен бастап  5 жұмыс күні ішінде  туристік қызметті жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы өтінішті уәкілетті органға жіберуге міндетті (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі).  Өтініш ерікті нысанда жазылады.


 

Турагент Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған туроператор туристерге қалыптасқан туристік өнімді ғана ұсынады және іске асырады. Туроператор және турагент туралы мәліметтер туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттік тізіліміне олардың өтініштері негізінде енгізіледі

Туристік өнімді турагенттің ұсынуы және іске асыруы жазбаша түрде туроператормен жасалған туристік өнімді іске асыруға агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады . Туроператор және турагент арасындағы туристік өнімді іске асыруға агенттік шарт  туристік өнім туралы нақты ақпаратты, туристік маршрутті сипаттау, туроператор және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттары туралы қалыптасқан туристік өнім, тураоператор туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтуы мүмкін.

Барлық жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін сізге төмендегілермен айналысу қажет:

бөлмелерді іздеумен;
бөлмелерді жөндеу және декорлау;
оргтехникамен бөлмелерді жабдықтау;
персоналды іздеу;
клиенттерді іздеу және жарнама.  

Клиент таңдаған тур авиа билетті беру үшін сізге оларды беретін қандай да бір авиа-агенттігімен шарт жасасу қажет.

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/turizm/article/tour_agency&lang=kk

Казахстанда Туристик агенттик ашу ушин канша миллион каражат кажет
0 дауыс

Туристік агент тік ашу Қазақстанда аса қиынға соқпайды. Қаңтардың 30-нан бастап туристік агенттік қызметі үшін кәсіпкерлік лицензиясы қажет етілмейді. Бұл туризмді дамытуға жасалып отырған қолайлы жағдай. Әкімшілік кедергілерді жойылғанына қарамастан бұл сала қай кезде де табысты іс саналып келген. Туризм және спорт министрлігінің есебі бойынша өткен жылы туристік компаниялар 82 миллиард теңге табыс тапқан. Алайда сарапшылар жаңа өзгерістерді оншалықты құп алмай отыр. Олардың айтуынша лицензиялауды тоқтату ісі елімізде жалған туристік фирмалар қатарын арттырып жіберуі мүмкін. Бұған Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Ахметова мынандай айғақ келтіреді: - Жуырда бізге Түркиядағы әріптестеріміз хабарласып, әлдебір астаналық туристік компанияны іздестіріп таба алмай жатқандарын айтты. Компанияны іздеуге ұзақ уақыт пен көп күш сарп еткеніне қарамастан олар бәрібір ол компанияны таба алмады. Ұшты-күйлі, ізім-қайым жоқ. 

Осындай жәйттерді ескеріп, қазір Қазақстан туристік қауымдастығы отандық туристердің мүдесін қорғау мақсатында тірлігін ашық-айдын жүргізіп жатқан сенімді туристік компаниялардың реестрін түзіп жатыр. Ол жуық арада қауымдастықтың арнайы сайтында жарияланады, Қауымдастық директоры шынайылық пен ашықтыққа негізделген мұндай өзгеріс туристік операторлар мен саяхатшылардың өздері сенім артқан туристік компаниялар туралы толық мағлұматқа ие болуына, олардың тұрғылықты мекен жайы мен басшылары жайлы ақпарды біліп жүруіне мүмкіндік береді. Әрине бұл топқа салық органдарында тіркеуге алынған және сақтандыру компанияларымен келісімшарты жасасқан туристік агентіктер ғана кіре алады. Қауымдастық саяхат барысында кездесетін түрлі жәйттерді алдын ала айқындай отырып, дерек көздеріне құқықтық сараптама жасауға сендіріп отыр. Алайда, жуырда ғана ресейлік «Ланта тур» туристік агенттігі басындағы жағдай бәрбір де ойламаған жерден болатын түріл қиындықтардың бар екенін айғақтап берді. Өйтпесе бұл компания тұтынушылар арасында үлкен сенімге ие болатын. Соған қарамастан туристік агенттік басшысы қолда бар ақшамен ізім-қайым жоқ болып қашып кеткен. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Тайлан, Доминикан Республикасы мен Ветьнамға сапар шеккен бір жарым мыңдай ресейлік өз еліне қайта алмай әуре сарсаңға түскен Туристік агенттікке сенім артқан тағы жүздеген адам шетелге саяхатқа шыға алмай қалған. Алданып қалған саяхатшылардың ақшасын Ресей үкіметі мемлекет есебінен өтеп беруге келісті. Алайда мұндай қамқорлық әр кез бола бермейтіні анық. Ресей бұл қадамға Президенттік сайлауға байланысты ғана барғанын ескерген жөн. Өйткені саясаткерлерге мұндай саяси науқан кезінде сайлаушылардың дауысы бәрінен артық. 

...