0 дауыс
770 көрілді
Маған туристік қызмет ашуға қажетті құжаттар тізімі қажет еді? (лицензияны қалай алу қажет, жарғы капиталы қандай болуы тиіс және т.с.с.)

1 жауап

0 дауыс

Туристік фирма құру үшін заңды тұлғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркеуді ұсынамыз. Ол үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге алу нұсқаулығына сәйкес Сізге әділет органдарына келесі құжаттарды өткізу қажет:
1. тіркеу туралы өтініш;
2. типтік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа жарғы;
3. орналасқан жерін анықтайтын құжат;
4. заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі үшін жасалған бюджет төлемін растайтын түбіртек немесе құжат.
Бұған қоса жеке тұлғалар өзінің жеке кәсіпкерлік қызметін жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы куәлікті ресімдей отырып, салықтық органдарға тіркей алады

...