Ұят болса да қояйын. Сіз қазақ тілін қанша пайыз білесіз? [жабық]

+42 дауыс
15.0k қаралым
Осы сайттың өзінде қазақ тілінде өз ойын дұрыс жеткізе алмай, дұрыс жаза алмай жататындарды көріп, қайта-қайта оқып, шаққа түсініп жатамыз, сондықтан өзіңізді қазақ тілін қанша пайыз білемін, ойымды әдеби көркемдеп жеткізе аламын деп ойлайсыз және достарыңыздың арасында тілді шұбарлайсыз ба. Осыларды қашан түземек ойыңыз бар?...
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақты әрі қарай созудың пайдасы жоқ. Әр адамның пікірін санап ойын білу мүмкін емес.
• Санаты: Қазақ тілі
Жоқ, бұл әлі заңды күшіне ене қоймады. Қазір барлық іс-құжаттар латын әріптерімен жазылмайды.

156 жауап

+7 дауыс
өзімді 100 пайыз білем деп ойлаймын
+8 дауыс
100 пайыз білемін деп айта аламын.
+12 дауыс
Мен қазақ тілін 97% білемін деп айта аламын. Достарыммен, таныстарыммен сұхбат кезінде өзіміздің ана тілімізде ойымды ашық, әрі нақты түрде жеткізуге шамам жетеді. Дегенмен, ара-арасында орысша сөздерді қосып жіберетінім бар. Жуық арада қазақ тілін 100% меңгеріп, кез-келген адаммен таза қазақ тілінде сөйлесуге тырысамын. Менің ойымша, жүрегі "қазақ" деп соққан әр бір азамат қазақ тілін 100% білуге міндетті және де өз ана тілін құрметтеп, Қазақстандағы халықтың барлығы қазақ тілінде сөйлеуіне ат салысып, теңізге қосқан тамшының үлесіндей өзіндік ықпалын тигізуі қажет.
+7 дауыс
100 пайызға қазақ тілін жетік меңгергенмін деп айта аламын (*пернетақтамен жазғанда арасында қате жіберіп, орысша кетіп қалатыным болмаса таза қазақ тілінде сөйлеймін)*
+8 дауыс
Жаңа тілін 100% сөйлеймін деп айта алмайм,кей достармен сөйлесенде кез-келген адамда,орысша-қазақша кете бередіғо.бірақ 95 пайыз таза қазақша сойлеймін оз басым.ҚАЗАҚ ТІЛІ әлемдегі номері 1 тіл
+10 дауыс
Пайызбен көрсетуге  қысылып тұрмын,бірақ кобінесе қолданатын шашлык-кәуәп,белсебет(велосипед)-шайтанарба, намек тастадым деп жатамыз ,оның аудармасы ЕМЕУРІН ТАСТАДЫМ дегенді барі біледі деп айта алмаймын! Сондықтан 100% білем деп айту артық шығар!
75 % дей салсай...Жақсы жауап. ))
+9 дауыс
100% білемін.Себебі өзім гуманитарлық бағытта білім алғанмын.
+8 дауыс
Мен Қазақ тілің 90 %  білемін.Анда санда орысша қосып айтып кетем.
+4 дауыс
Мен қазақша 99% білем.
+5 дауыс
100% білемін қазақшаны
+5 дауыс
85% Білем дейін)Орысша араластырып сөйлейм)
+5 дауыс
Қазақ тілін 97,3 %-ға білемін
+7 дауыс
100 пайызға білемін дегендерге мүлдем сенбеймін, бәріміз  100 пайызға таза қазақшалап сөйлейтін болсақ, мына әлем төңкеріліп кететін шығар, (білетінімізден білмейтініміз көп қазақпыз!!!) Мен пайызбен көрсетпесем де, ӨЗ АНА ТІЛІМДІ ҚҰРМЕТТЕП ЖҮРГЕН ЖАНМЫН!
+6 дауыс
Мен өзiмдi таза қа3ақпын деп айта алам,қазiргi жастар сөз арасына орысша көп колданады,әдеби тiлде де жаксы сойлей алам деп айта алам,негi3i дұрыс қазақша сөйлесетiндер мен қазақтың салт-дәстүрлерiн дұрыс қолданатындар МАҢҒЫСТАУ-да
+6 дауыс
МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӨЗ АНА ТІЛІМДІ 99,9 ПАЙЫЗҒА БІЛЕМ. СЕБЕБІ ҚАЛҒАНЫН ОРЫС СӨЗДЕРІМЕН АУЫСЫП КЕТКЕН!
+6 дауыс
100 пайыз бiлемiн.
+6 дауыс
Ия. Қазір қазақ тілін білседе қазақша сөйлемейтіндер өте көп. Мен барлық жағдайда қазақша сөйлеуге тырысқаныммен кей жағдайда орыс түгелі қазақтың миына кіру үшін орысшаға аударамын. Ал өзім қазақ тілін жақсы меңгеремін. Бірақ оны пайызбен өлшеу міндетті емес деп ойлаймын.
+7 дауыс
МЕН ӨЗІМНІҢ АНА СҮТІМЕН ДАРЫҒАН АНА ТІЛІМДІ 100 ПАЙЫЗ БІЛЕМІН ДЕП АЙТА АЛАМЫН. АНА ТІЛ - АДАМНЫҢ АРЫ, ОЛ ОНЫҢ БАР ҚАСИЕТІ МЕН ӨЗІМ ӨЛЕҢ ҺӘМ МАҚАЛА, ТҮРЛІ ШЫҒАРМА  ЖАЗАТЫНДЫҚТАН ОСЫ ТАҚЫРЫПТЫ ЖИІРЕК ҚОЗҒАЙМЫН.  МЕНІҢ БІР ӨЛЕҢІМДЕ ТІПТІ МЫНАДАЙ СӨЗДЕР КЕЗДЕСЕДІ:
 ЕСЕҢГІРЕМЕҢІЗ, ОЙЛАНЫҢЫЗ, КЕШ ЕМЕС,
ӨЗГЕ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСУ ЕШҚАНДАЙДА СӘН ЕМЕС,
АЛЛА БЕРГЕН АНА ТІЛДЕ СӨЙЛЕСІП,
ӨЗГЕ ТІЛДІ БІЛЕ ЖҮРГЕНДЕ ҚАТЕ ЕМЕС



- *АНА ТІЛІН БІЛМЕГЕН АДАМ НАҒЫЗ АҚЫМАҚ, НАҒЫЗ ЕСУАС АДАМ, АЛ ОНЫ БІЛЕ ТҰРА СОЛ ТІЛДЕ СӨЙЛЕМЕУ, ОНЫ ТҰРМЫСТА ЖӘНЕ БАСҚА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚОЛДАНҒЫСЫ КЕЛМЕУ НАҒЫЗ ТЕКСІЗ, ПАСЫҚ АДАМНЫҢ ІСІ*

Сонда сіздің ойыңызша Қазақстанның 20% астамы НАҒЫЗ АҚЫМАҚ, НАҒЫЗ ЕСУАС адамдарма? Себебі Солтүстікте барлығы дерлік орыс тілінде сөйлейді. Менің сыныбымның 80% пайызы орысша сөйлейді(Қазақша оқысақта).
+6 дауыс
100 пайыз білемін
+4 дауыс
100 пайызға білемін
+4 дауыс
Қазақша жақсы білемін) ну 50 процентін білетін шығармын.
+4 дауыс
Мен шамамен 20-30 пайыз ғана орысша білемін. ағылшынша 2-3 пайыз . Сонымен қанша пайыз Қазақша білетінімді шамалаған шығарсыздар иа?
+3 дауыс
Біз қазақ тілін 100 пайыз білеміз деп айта алмаймыз. Себебі: қазақ тілі - бай әрі оралымды, ырғақты тіл. Әлі біз мағынасын біле бермейтін көп сөздер бар. Мен қазақ тілін 80 пайыз білемін деп айта аламын. Мектепте мені әдеби тілде жақсы жазады,-деп, көптеген жарыстарға қатыстырады. Білмеймін, солай болса солай шығар. Алайда, күнәсіз адам болмайды. Мен достарымның арасында орысша да қосып, сөйлесемін. Бірақ "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте" деген сөзді жадымда ұстауға тырысамын. Өмірім әлі алда, сондықтан көптеген мағыналы да мәнді қазақ тілінің сөздерін біліп, бойыма сіңіремін деп ойлаймын. Қате кетсе кешіріңіздер мен "н" әрпі мен "ң" әрпін шатастырып аламын.
қатесіз жаздың, "ң" мен "н" дұрыс жазылған
асеке мен    аксауле       100 процент билем демендер   отирик болып калады   95 пр   десендер оган сеним бар   оиткены       казакта   каншама   естимеген   создер коп
+2 дауыс
100пайыз білем,бірақ шұбарлаймын!!!
+3 дауыс
Мен- қазақ, «қазақпын» деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім- қазақ өмірі, өзім -қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
деп С.Торайғыров жырлағандай әрқайсымыз қазақ тілін білуге, сүюге, оны құрметтеуге, қастерлеуге, сақтауға, және мақтан етуге тиіспіз. Себебі ол біздің ана тіліміз! Мен  өз ана тілімді жеткілікті деңгейде білемін деп айта аламын! Кіріккен сөздер қолданбай, таза, мәдениетті сөйлеуге тырысамын! Себебі мен өз тілімді сүйемін!
жарайсыз дегеннен басқа қосарым жоқ...

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
6 жауап
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы