0 дауыс
848 көрілді
Евразиялық экономикалық одақтың Қазақстанға пайдасы мен зияны ?

1 жауап

0 дауыс
Еуразиялық интеграция сәулетшілері басты назар аударып отырған плюстеріне тоқтала кетейік. Олардың біріншісі   - ойынның бірыңғай ережелері бойынша сыйымды ортақ нарық қалыптастыру  (170 млн адам). Теориялық тұрғыдан бұл Қазақстан үшін  өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық салаларының өсуіне серпін болу керек.  Бұл ретте әлбетте Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақстандық облыстардың бизнесіне жақсы болашақ ашылады.

Ел басшысының бағалауынша жаңа экономикалық одақтың тағы бір плюсі, қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияның қосымша ағыны және біріккен кәсіпорындар құру болмақ, себебі Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бойынша салық деңгейі Белоруссия мен Ресейге қарағанда аз.  Осылайша биліктегілер біздің ел ЕЭО бірыңғай нарығына шетелдік бизнес шығатын  терезе болады деп үміттенеді

Осы мақсатқа жету үшін де «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жедел түрде әзірленіп, қабылданғаны белгілі.  Оған Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 отырысында қол қойған болатын.

Еске салсақ, құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан босату қарастырылған.  Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық шығындардың    30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде  ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етеді.

Оған қоса, инвесторларға салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі.  Тек қосымша құн салығы мен акциздік алымға ол қатысты емес.

ЕЭО құрғанның тағы да бір жағымды факторы бірыңғай нарық аясында жұмыс күші жеделдігінің өсімі. Және, ЕЭО Қазақстан үшін ең бастысы, биліктегілердің айтуынша, Белоруссия және Ресей республикасымен сыртқы сауда көлемінің артуы.  Теориялық жағынан бұл сондай-ақ, ІЖӨ өсу қарқынын, бәсекелестік пен өнім сапасының артуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік  тұрақтылық өсімін арттыруы тиіс.

Айтпақшы, Қазақстанның Белоруссия және Ресеймен сыртқы сауда айналымындағы алғашқы оң нәтижелеріне қазірдің өзінде қол жеткізілді.  Республиканың Кеден одағы құрылғаннан бергі сыртқы сауда көлемі ол құрылғанға  дейінгі көлемнен барынша артқан.  Бірінші кезекте ол біздің солтүстік көршілермен сауда көрсеткіштерінен жақсы көрінеді.

ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009  жылдарда Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда көлемі сәйкесінше,   $20 және $12,4 млрд болса, онда   2010 жылы ол   $17,4 млрд-ға дейін жеткен, ал бір жылдан кейін   -   $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы көрсеткіш сақталып қалған.  Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше   $23,1 және $23,5 млрд. болған. Сондықтан ЕЭО құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тек арта береді деуге барлық негіз бар, әлбетте, егер бұған жаһандық экономикадағы жаңа толқулар мен дүниежүзілік саясаттағы жағдайлар әсер етпесе.   Атап айтсақ, Ресейге қарсы Батыстың санкциясы.
...