0 дауыс
7.6k көрілді
Еуразиялық экономикалық одақтың пайдасы?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына одақты білмей қолдап жазатындарға түсінбеймін. Интернет бар, күні бойы отырып не қарайтындарын білмейсің. Біз ресеймен ешқашан бауырлас елдей бола алмаймыз. Орыспен дос болсаң, қойныңда айбалтаң болсын деген. Баяғы ата-бабаларымыз да бекер сақтанбаған, бекер соғыспаған. Күні кеше төбемізден былтырғыдай ракета ұшырды. Ал сол ракета ұшып келе жатып, бір елді мекенге құлап жоқ қылса не болады? 

+2 дауыс
Пайдасы жоқ. Зияны бар.
–2 дауыс
Экономикамыз дамып,сауда -саттық кеңейе түседі деп ойлаймын.Дамыған 30 елдің қатарына кірудің бір бастамасы шығар.
+2 дауыс
Мен бұл одақты қолдамаймын.Қазір барлық Еуропа,Африка,Америкадағы көптеген мемлекеттер Ресейге қарсы шығып жатыр. Неге Қазақстан қарсы шықпайды. Ресейдікі дұрыс емес қой. Жәй, әншейін тыныш отырған елдің жерін тартып алып, бүкіл әлемді шулатты! Және Ресейге Қазақстан өзінің байлығын сатып отыр. Оның керегі жоқ!!!
Нурик аузынан авария болған екен ғо.. 94-ші жылдары.. Соны енді еске алватқан көрінеді Ресей.
+1 дауыс
"экономикалық" пайдасын тмд немесе кедендік одақ арқылы да көруге болар еді, соншама интеграцияланудың неге қажет екенін путин ғана білетін шығар
–1 дауыс
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?Еуразиялық одақ не үшін керек? Үйрену үшін бе? Бәсекелесу үшін бе? Осы мамырдың соңында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылатыны белгілі. Келісімнің толық мәтіні тіпті сарапшыларға да беймәлім. Келісімнің тек экономикалық аспектілерін ғана қамтитын мәтіні интернетте жарияланды. Мұндай құпиялылықтың болуы қабылданатын шешімдердің қоғамға жабықтығын көрсетеді. Жабулы қазан әлі сол күйінше жабулы. Келісім мәтінін былай қойғанда қазірге дейін Еуразиялық интеграцияның экономикалық тиімділігін негіздейтін бір де бір салмақты құжаттың болмауы да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда қай зерттеу ғылыми-зерттеу институты одақтың экономикалық тиімділігін дәлелдеп кең талқыға ұсынды? Одаққа кірудің тиімділігін көбінесе қай елдің институттары алға тартып отыр? Қазақстанда сарапшылар, экономисттер мен мамандар арасында Еуразия одағы туралы тең, ашық және кәсіби пікірталастар жеткілікті дәрежеде жүргізілген жоқ. Саяси элитаның стратегиялық көзқарасы бүкіл елдің, қоғамның, халықтың атынан ұсынылып отыр. Қоғам тарапынан кең талқыланбаған, пісіп-жетілмеген, ұзақ мерзімді қауіп-қатерлері есепке алынбаған, сондай-ақ зиян мен шығындары есептелмеген мұндай интеграциялық жоба көп сұрақтар тудырады. Келіссөздерге қатысқан қазақстандық мамандардың келісімдерге дайын болмай шығуы елдің тағдырына тікелей қатысты күрделі келісімнің асығыс, атүсті және шикі әзірленгендігін көрсетеді. Негізі, Ресей жағы интеграциялық үрдістерді қатты асықтырып отыр деуге де болады. Ресей үшін өз экономикасын күшейтудің бірден-бір тәсілі «пост-кеңестік интеграция»арқылы өз нарығын кеңейту. Меніңше, Еуразия одағында әзірше экономикадан гөрі саясат басымдау. Украина дағдарысы мен интеграциялық үрдістердің күшеюімен әртүрлі күмәндар да көбейді. Ресми мәлімдемелерде «Қазақстан дүниежүзілік сауда жүйесіне белсене кірместен бұрын алдымен Ресейдің нарығында шыңдалып, бәсеке жағдайында шынығып алу керек» деген басты уәж айтылады. Сонда, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі «Ресейден технология үйрену» үшін бе, әлде, «Ресейдің өнімдерімен бәсекелесу» үшін қажет пе»? Одақ ішінде экономикалық жағынан ұту үшін қазақ экономикасы Ресейдікін тиімділігі және инновациялығы жөнінен басып озуы шарт емес пе? Бұл Қазақстан үшін тым күрделі инновациялық міндет. Елімізде инновациялық дамудың шынайы үлгісі жоқ десе де болады. Қазақстан ғылыми-технологиялық, инновациялық даму жөнінен Ресейді былай қойғанда Беларусьтен әлдеқайда артта қалған. Ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражат көлемі, ғылыми ұйымдар саны, ғалымдар саны, ғылыми белсенділігі, патент саны, өндірістің инновациялық деңгейі жөнінен алғанда Қазақстан Беларусь пен Ресейдің артында келеді. Мұндай жағдайда, бұл елдерді өндірісте басып озамыз, бәсекелесе аламыз деген әңгіме өз мәнін жоғалтады. Демек, технологиялық-инновациялық жағынан Қазақстанның одақтан ұтылары анық. Шынтуайтында, Қазақстанның Еуразиялық одақтағы алатын орны еліміздің экономикалық, индустриялық-инновациялық және технологиялық дамуына тікелей байланысты. Елімізде келешегі үлкен күмән туғызатын әртүрлі инновациялық жобаларға көп қаражат жұмсалуда. Менің жеке есебімше, бұл интеграциялық одақ ең көп дегенде 10-20 жыл өмір сүреді. Өйткені, интеграцияның мақсаты халықаралық экономикалық жүйеге ауыртпалықсыз ену болса, ДСҰ-ға кіргеннен кейін экономикамыз бәрібір соңында әлемге ашылуға мәжбүр. Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң халықаралық экономикалық нарықта еркін бәсекеге түсетіндіктен еуразиялық интеграцияның шектеулі экономикалық маңызы едәуір төмендейді, интеграция өз мәнін жоғалтуы да мүмкін. Толығырақ: http://abai.kz /post/view?id=359
–2 дауыс
Онын пайдасы көп емес пе? Негізгі мамандардың айтуынша, бұл экономикалық бірлестіктің еліміз үшін берер мүмкіндігі мол.мәселелер: 1.КО және БЭК ел қатысушыларының бизнес-қоғамдастықтарының іскери байланыстары мен өзара әрекеттесуін дамыту; 2.ықпалдасу үдерістерінде іскери топтарының қатысуын кеңейту және белсендіру; 3.іскери топтарының ұлттық және ұлт үстінгі органдарымен өзара әркеттесуді нығайту; 4.КО және БЭК нормативті-құқықтық базасының қалыптасуы кезде іскери топтардың пікірлерін есепке алу; 5.Экономикалық ықпалдасуды дамытудың жүйелік және стратегиялық мәселелері бойынша бизнес-сұхбаттасудың шоғырландырылған орнын қалыптасу; 6.Төмендегі бағыттар бойынша құқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстарды шығару үшін тараптардың өзара әрекеттесуі: ықпалдасу мен макроэкономиканы дамыту, кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы секторы, өнеркәсіп, агрорлық өнеркәсіптік кешен, өзара және сыртқы сауда, техникалық реттеу, кедендік әкімшілеу, көлік және инфрақұрылым, бәсекеге қабілеттілікті дамыту және монополияға қарсы реттеу, энергетика мен табиғи монополиялар. 7.Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге қатысты талқылау мен пікір ауысу.Күтілетін нәтижелер: *.КО мен БЭК елдер-қатысушыларының іскери топтары ұлт үсті органмен тиімді және балансы тайдырылған өзара әрекеттесуі; *.Еуразиялық экономикалық одаққа кіруден күті және негізгі ықпалдау үдерістер туралы құзырлы дискуссия түрінде талқылау және пікір ауысу; *.Экономикалық ықпалдасу мәселелері бойынша КО, БЭК елдері бизнес-қоғамдастықтарының озаттық алаңын құру және сындарлы сұхбаттасу үшін сенімді тұғырнама жМақсаты: Экономикалық ықпалдасу шарттарында бизнестің өзара әрекеттесуді күшейту, КО, БЭК елдері арасында сауда, инвестициялық және индустриалды өзара байланыстарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ұлт үстінгі органмен тиімді және балансы тайдырылған өзара әрекеттесу. Бизнес-сұхбаттасуды ұйымдастыру, келісімдер мен меморандумдарды жасасу.асау.
Сіз өз жазғаныңызды өзіңіз түсіндіңіз бе? Білмеген нәрсені білетіндей айтпаңыз.
–1 дауыс
Біздің нарық 17 млн.-нан 170 млн.ға өсті. Экономикаға зияны болуы мүмкін, бірақ ДСҰ кіреміз десек осыған бейімделу керек, ал халыққа керісінше пайдалы. Бізде бизнеке салыстырмалы түрде салықа салынатын ақы аз, сол себепті шетелдік компаниялар өздерінің зауыттарын сала бастайды бізде, үйткен олар Қазақстан арқылы ЕвразЭС-тің басқа да елдеріне еркін кіре алады. Оған осы жылы Армения мен Қырғыз Республикасы кірсе, нарық одан сайын өсе бастайды. Бұдан басқа да бізге пайдалары көп. Ескерген жөн бұл тек экономикалық одақ, саяси емес, штаб пәтері Мәскеуде, Соты Минскіде, ал қаржы орталығы (ең маңыздысы) Алматыда. Одақ Астанада құрылғаны тарихи сәт. Ресми тілі - орыс тілі, алайда 3 елдің тілдері тең қолданатын болады, кез-келген шарттарда. Айта берсең пайдасы көп.
0 дауыс

Жалпы айтқанда Тәуелсіздігімізден айырылдық десек те болады,. енді қораның көкесі енді болады, биліктегілер онсызда білгенін істеп жатса, енді оған орыстар қосылып білгенін істейді, Путиннің арманы: бұрыңғы СССР-ді қайтып қалпына келтіру

0 дауыс
орыстан әрен дегенде кутыла бастаганда кайта косылайн деген бе
...