Кітап, Әдебиет | 2.7k қаралды
2.7k қаралды
Тек адамдығыңмен таныл деген тақырыпқа шағын эссе керек?

1 жауап

Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.

"Адам өз өмірінің суретшісі" деген қағинады ұстанып, сол өміріңді мәнді өткізуге тырыс. Күйбең тіршіліктің соңында кетіп, құндылықтарды ұмытпай, тек адамдығыңмен таныл!
119,036 сұрақ
307,259 жауап
153,316 пікір
68,876 қолданушы