0 дауыс
965 көрілді
7 айлық ұлымның желкесінде витилигоның белгілері бар, қалай кетірсем болады дөңгелек ақтаңдақ, дәрігерлерден кеңес сұраймын.

2 жауап

0 дауыс
Витилиго дерті дендеп барады. Халық арасында «Алапес» атанып кеткен ауруға жер шары адамдарының 4 пайызы шалдыққан.Бұл дерт — жұқпалы емес, баяу өрбиді және жазылмайды. Көбіне тұқым қуалайтын дерт. Алайда соңғы зерттеулер бойынша алапес дертіне шалдыққан адаммен бірге өмір сүретіндерді де әр алты айда тексеруден өткізіп тұру керектігі анықталды. Яғни, дерт жұқпалы түрде де өрбитін формаға көшкен. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниежүзілік витилигоны зерттеу қоры бар.

 

Әлем бойынша ең тиімді ем түрі — фото емдеу. Арнайы құрылғылар арқылы науқас белгілі бір кесте бойынша ем қабылдайды. Нәтиже жоқ емес. Дертті бұл әдіс арқылы 70 пайызға дейін ауыздықтауға болады екен.Алапестің балаларға «ауыз салуы» көпті толғандырады. Сәби — өсіп келе жатқан ағза болғандықтан, лазерлік ем зиян. Дәріні де мөлшерден көп іше алмайды.

Дүниежүзілік витилигоны зерттеу қорының ғалымдары енді осы мәселеге жіті көңіл бөлмек. Сәбидің саулығын сақтай отырып, ауруды тежеу тәсілін ойластырып жатыр. Осы күнге дейін 5 зерттеу жүргізіліпті. Нақтыланған тұжырым әзірге жоқ. Дегенмен, 12 жасқа дейін кешенді, одан кейін ересектерге ұсынылатын ем тағайындалып жүр бұл күні. Аурудың нақты себебі белгісіз.

Міне, осы белгісіздік қолды тұсап отыр. Соңғы дерек бойынша алапес экологияға байланысты дамып отыр. Қоршаған ортаның ластануы дертке жол ашады. АҚШ ғалымдарының пікірі де осыған саяды.
0 дауыс
1-1,5 см мен азир кишкентай деп ешқандай ем колданбай кутуим керек пе,фото емдеу Қызылорда облысында бар ма?Канша жаска келгенде оны колдануга болады?Колеми улкейеп кетпей ме?Не истеуим керек?
...