0 дауыс
487 көрілді
Менің бұл сұрақты қойып отырған себебім. Мені кішкентаймда өз әке-шешемнен әкімнің қарындасы асырап алған. Ондағы себеп, мен мықты тынымсыз болып, анамның мазасын алып, жанағы апама ғана көнетін болғанмын. Содан жайжан жай анам мені бере салған. Сол туғанымнан сол апамның қасында өстім. Қалағанымның бәрін алып беріп, ешкімнен кем қылмай өсірді. 9 сынып бітіріп Ақтөбе қаласына оқуға түсемін дедім. Менің сөзімді қайтармай қалаға оқуға түсірді. Жалдамалы пәтерге қыздармен орналастырып, ақшамды уақытылы салып отырды. Содан қала өміріне де, жалғыз өзім самостоятельно жүріп те үйрендім. Содан 1 курс оқып жатрганда 8 наурыз мерекесі күні сол апам қатты ауырып, қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түсіп, қайтыс болып кетті. Маған үйдегілер айта алмай жанағы өсірген апамның құрбысы ауруханаға түсіп, сені көргісі келіп, шақырып жатр деп маған өтірік айтып үйіме шақыртып алды. Мерекеге дайындалып жүрген мен жылағым келіп, бірден билет алып поездға мініп үйге қайттым. 12 сағат жүріп, үйге таңғы 4 те поездан түстім. Поездан түскенде мені өз ата-анам күтіп алды. Мен одан сайын жүрегім бір нәрсені сезіп,жылап келе жатырмын. Ол кезде мен 15 жаста болатынмын. Біз осы 15 жыл ішінде олармен мыкты араласпаппын тек конактыктарга барғанда көретінмін. Оған дейін тіпті маған қаржы жағынан да берген емес. Мүлдем туған қыздарындай емес едім. Содан солар күтіп алып, үйге апарды үйге кірсем үйде кісі көп орамал тартқан жақындарым, мен ажемді құшақтап, егіліп жылай бердім. Содан солай баққан анамнан айрылдым. Біз апам екеуміз бөлек 2 бөлмелі үйде тұратынбыз. Енді ажемнің үйіне көштім содан кейін сол ажеммен тұрдым. Ажем зейнетақысымен менің оқуыма да , ай сайын да төлеп тұрды. Мен өзімді мықты жалғыз сезінетінмін.Маған төленген әрбір ақшасын өзіме қарыз сезінетінмін. Тіпті баршылықта өскеннен кейін әр нәрсені сатып алып үйреніп қалған, одан кейін тіпті киім алып беруін сұрауға ұчлатынмын. Содан 3 жыл оқуымды оқытып, дипломымды алдым. Сол жыл ішінде өз ата- анам маған қаржылай көмектеспеді. 3 курсқа келгенде менің сенсорлы телефоным істеми қалып, простой телефонмен жүрдім. Группластарымнан мықты ұялатынмын, көп отырыстардан ақша жағын  ойлап қалып та қойып жүрдім. Сол кезде ажем сотка алып бер деп әкеме айтып, олар маған сотка алып берді. Содан оқуымды бітіріп қазір жұмыс жасап жүрмын. Айтады ғой исламда 9 ай көтерген анаңды 3 рет меккеге көтеріп апарсаң да қарызыңды өтей алмиайсың деп. Сонда ойлаймын қазір араласпаймын ол адамдармен көп, анда санда көтерітінім болмаса, мен не істеуім керек? Мен ана деп баққанды  айтамба туғанды ма? Сонда мен оның 9 ай көтерген қарызын өтеуім керек пе ? Шынымды айтсам менің толық семьяда өспеуіме, "әке" "ана" деген сөздерді айтуға лайықты болмағынба сол үшінде кейде оларға жыным келеді. Бірақ өз баққан анамның тәрбиесімен ашуымды сабырмен жеңіп жүрген жайым бар. Сіздер маған қандай кеңес берер едіңіздер?

1 жауап

0 дауыс
Сіздің жағдайыңыз күрделі және біршама адамда кездеседі(әсіресе, қазақ отбасыларында). Негізі асырап алу туралы мәселеде туыстық жақын адамдардардан сәби алуға келіспеймін. Себебі, бұл өсе келе сәби психикасына басқаша әсер етуі мүмкін. Оның мысалы ретінде сізді айтуға болады. Яғни, екі тарап та балаға жақын болғандықтан,ол қайсысын таңдарын білмей жүреді.

Сіздің қазіргі жағдайыңызға келетін болсақ, апаңыздың қазасынан кейін қаншалықты стресске түскеніңізді, одан қалса материалдық жағынан тарыққаныңызды түсінемін. Мұның барлығы, сіздің жүйкеңізге әсерін тигізбеуі мүмкін емес. Солай бола тұрса да, сіз мойымауыңыз керек! Мұны Құдайдың сізге жіберген сынағы деп түсініп, одан әрі өмір үшін күресіп, берілмеуіңіз керек. Тек алға нақты мақсаттар қойып, жайлы жұмысқа орналасып, әжеңізді асырай алатындай халге жетудің жолында жұмыстануыңыз керек.

Қойылған ситуациялық сұраққа байланысты айтар кеңесім: туған ата-анаңызға ренжудің, ашуланудың керегі жоқ. Қайткенмен де, туған анаңыз сізді дүниге алып келді. Бұл өмірді көріп, адам ретінде өмір сүріп жатқаныңыз сол кісінің арқасында. Керісінше ойлап қарасақ, ата-анаңызды танымайтын болсаңыз, тағдырдың жазғанымен болған апаңыздың жағдайынан кейін, бұл өмірде танитын, керек кезінде хабарасатын адамдардан ешкім болмас еді. Сізге қаржылық жағынан қолдау көрсетпесе де, олардың бар екенін білудің өзі психологиялық тұрғыда белгілі бір мөлшерде өзіңізге сенімділік қалыптастара білді деп ойлаймын. Өз кезегінде, туған анаңыз (егер апаңыз бұрын жалғыз тұратын болса) да бала тәрбиелеу, өсіру бақытын сыйлап, апаңызға көмегін тигізген болып табылады.

Ата-анаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз, себебі, әжеңізбен сізді қоса алғанда, тұтастай бір отбасысыздар ғой. Кешірімді, кішіпейіл бола біліңіз. Барлық жағдайға түсіністікпен, сабырмен қараңыз. Аллам сізге жар болсын!!!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...