0 дауыс
793 қаралым
Мектеп ҰБТ программистінің міндеті қандай?
сұрағыңызды нақтыласаңыз?..

1 жауап

0 дауыс
Қайырлы күн! Бізде мектепте 2 ҰБТ программисті жұмыс істеді. Біздің мектептегі олардың қызметі келесідей болатын:

1. Әр апта сайын 11-сыныптар ҰБТ-ға дайындалып, байқау тестін тапсырады. Сол дайындыққа арналған сынақ кітапшаларын программистер сатып алып келеді, оны оқушы санына байланысты таратып беріп, байқау тестінің қатаң тәртіппен жүргізілу процессін қадағалайды.\

2. Тапсырылып болған сынақ кітапшаларының жауабын арнайы мекемеден алады.

3. Әр оқушының, әр сыныптың, әр мұғалімнің мониторингін шығарады. Ұпай саны бойынша рейтинг жасайды. Негізгі міндеті осы болды деп білемін.

Сіздің сұрағыңызды анық түсінбедім, мүмкін, бұлай емес те шығар. Бірақ біздің мектепте програмиистер осы фунцияларды атқарады.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...