0 дауыс
2.3k көрілді
Химия пәнін таңдағым келеді және ЕНУ ге түскім келеді,бірақ химия саласында бұл ЖОО да оқуға мүмкіншілік бар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер сіз химия пәнін таңдап, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түскіңіз келсе, бұл университетте Жаратылыстану ғылымдары факультетінің  5В060600 Химия (жаратылыстану ғылымдары) мамандығы бар.

5В060600 – Химия мамандығы туралы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «жаратылыстану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер және білім беру, ғылым мен экология салалары табылады.

Студенттерді экономика мен өнеркәсіптің химиялық салаларында өндірістік және технологиялық үрдістерді жүзеге асыруға; ғылыми зерттеулерді, бағдарламаларды ұйымдастыру және жоспарлауға; өндірістік, ғылыми және оқытушылық ұжымға, зертханаға жетекшілік етуге дайындайды.

Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында, химиялық, мұнай-химиялық, экологиялық, металлургиялық фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (институттар, зертханалар), жалпы білімдік мекемелер мен білім беру бөлімдерінде жұмыс істей алады.
0 дауыс
5В011200 Химия

5В060600 Химия

5В072700 Азық -түлік өнімдердің техналогиясы

5В072800 Қайта өңдеу өндірістер техналогиясы

5В072100 Органикалық заттардың химиялық техналогиясы

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық техналогиясы

5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту

5В110300 Фармация

5В074800 Фармацевтикалық өндіріс техналогиясы

5В080800 Топырақтану және огрохимия

 

Қосымша;http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/20090/
+2 дауыс
Біздің еліміз табиғи ресурстарға және минералдарға бай екендігі бәріне мәлім.Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық элементтері бар деп айтуға болады .Сондықтан біздің елімізді "Бір флакон ішіндегі Менделеев кестесі"-деп жиі атайды!Енді бар ресурстарды өңдеп,қажетімізге жарату үшін бізге білімді және тәжірибелі мамандар қажет.

ҰБТ-да химия пәнін таңдасаңыз,ЖОО түсуге мүмкіндігі басқа мамандықтарға қарағанда анша жоғары, себебі химияны үйрену және түсіну әркімнің де қолынан келе бермейді!Бұдан басқа елімізде химия мамандарына деген сұраныс өте жоғары болғандықтан, оқуды бітірген соң жұмыссыз қалмауыңыз анық.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ,өкінішке орай бір  ғана 5В060600 Химия мамандығы ғана бар.Бірақ еліміздегі ЖОО келесі мамандықтар бойынша білім алуға болады :

5В110300 Фармация

5В074800 Фармацевтикалық өндіріс техналогиясы

5В080800 Топырақтану және огрохимия
0 дауыс
Қайта өңдеу өндірістер техналогиясын, азық-түлік өндірістер технологиясын игере аласың , т.б-ны да
...