0 дауыс
1.6k көрілді
Мен бизнес ашқым келеді! Бірақ менде қаражат жоқ! Тұрақты жұмысым мен кепілге қояр жылжымайтын мүлкім де жоқ! Мен қайтарымсыз кредит алғым келеді! Алғым келетін сумма шамамен 500 теңге! Мен қалай ала аламын???

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
«ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?»

- Өзім бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеп келгендіктен, жағдайларын жақсы түсінемін. Олармен тығыз қарым-қатынаста бола тұра ауылымызда балаларға арналған әлеуметтік нысанның жоқтығы жаныма батады. «Атырау» газетінің «Бизнесмен» қосымшасынан «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры» қайтарымсыз несие беретінін оқығанмын. Сол туралы толығырақ біліп берсеңіздер екен? Гранттық негізде берілетін қаражатты иелену үшіне қандай талаптар қойылады?  
Талжібек  
ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ,
Қызылқоға ауданы.

 Бұл сауалға облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жанар Төлегенқызы төмендегіше жауап ұсынды. Білгеніміздей, гранттық негізде берілетін қаражатқа қол жеткізу үшін мынадай талаптарға сай келуі тиіс және құжаттарды аталған басқарма қабылдайды. Ал, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Атырау филиалы тек конкурсқа қатысушыларды «Бизнес-кеңесші» курсынан өткізіп, сертификат береді:

Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерге мемлекеттік гранттар ұсыну (меншікті бизнесін құруға) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни, инновацияларды енгізуші жеке кәсіпкерлерге бірегейлігімен және жаңашылдығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді. Гранттар кәсіпкерлерге (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) «Бизнес кеңесші» жедел-курстарынан қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі арқылы ұсынады.

Гранттарды  
ұсыну тәртібі
1. Қызмет түрлері шектеусіз, конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған жеке кәсіпкерлер гранттар ұсынуға арналған конкурстың қатысушылары бола алады.   
Әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоспар бойынша қатысушы бола алады.  
Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 20 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып  табылады.   
Кәсіпкер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:   
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;  
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) франшизге құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарымен немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.  
Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.  
1.Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.  
2 Гранттар қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;  
салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;  
қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын кәсіпкерлерге берілмейді.

 

http://www.atr.kz/index.php/zha-aly-tar-b-limi/item/2076-kajtarymsyz-nesie-kimderge-beriledi
0 дауыс
Сәлеметсізба? Менің  білгім келгені мен бір кәсіп бастасам деймін яғни тауық шаруашылығымен айналысқым келеді. Сол үшін грантты ұтып алу үшін нестеуім керек?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...