0 дауыс
398 көрілді

Мен жұмыссыз үйде отырмын. Мен қалай қайтарымсыз несие ала аламын. Мен 1 миллион қаржы ала аламын ба?

1 жауап

0 дауыс

«ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 2017 жылдан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асырып келеді. Осы бағдарламаның аясында ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырады.

Нақты айтар болсақ, бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бар.

Несие пайызы – 6% (көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4%).

Жеңілдік кезеңі 1 жылдан 2 жылға дейін қарастырылған.

Ірі қара, қой, түйе шаруашылықтары үшін жеке кәсіпкерліктер, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтарға мерзімі 10 жылға, сомасы 30 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Несиені төлеу уақыты – ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алатын жағдайда, шаруа 25% жекеменшік мүлігін, қалған 75%-ға сатып алған малды кепілдікке қоя алады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында шағын несие алып, кәсіп ашқысы келетін азаматтар:

  • жұмыссыз болуы керек;
  • жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, ол жерден «Бастау» жобасы бойынша бизнес негіздерін оқу курсынан өтуі тиіс;
  • несие алар алдында «Бастау» жобасынан алған сертификаты мен бизнес-жоспарын көрсетуі қажет.

Егер кәсіпкер заңды түрде тіркелген, кәсібін 3 жылдан астам уақыт жүргізіп отырған және бизнесін кеңейткісі келетін адам болса, несиеге бірден өтінім қалдыруына болады.

Несие алушыларға қойылатын талаптар:

  • кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс;
  • несие тарихы жақсы болғаны абзал;
  • кепілге қоятын мүлкі болуы шарт;
  • бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы керек.

Кепіл жайлы айтсақ, кепіл міндетті түрде несиенің сомасын толықтай қамтамасыз ету керек. Бірақ кепіл саясаты ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген бағытта жұмыс істейді. Яғни, қарыз алушы кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті беруі мүмкін. Сондай-ақ мемлекет тарапынан жалданған жер де кепіл ретінде қарастырылады. Егер несие бойынша әлеуетті клиенттің кепілі жеткіліксіз болса, сатып алынатын мүлік те қосымша кепіл ретінде қарастырылады.

Толық ақпаратты 8 800 080 35 05 телефон нөмірі арқылы немесе fagri.kz веб-сайтынан білуге болады.

Толығырақ: https://dauletten.kz/articles/enbek-bagdarlamasy-ayasynda-qalayi-nesie-aluga-bolady

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
3 жауап
...