0 дауыс
430 көрілді
Орыс тiлiндегi сайттардың рейтингiне қарасаң, ең азы 20-25мың (посвещаемость) ары қарай көрсетiлмейдi, ал қазақша сайттардың ең көбi 20-25мың (посвещаемость). Сонда қазақ тiлiнде сайт жасай алмаймыз ба? Әлде қазақ тiлiн түсiндiретiндер аз ба? Қандай себептерi болуы мүмкiн?

7 жауап

0 дауыс
Оның себебі: Дүние жүзі бойынша Ағылшын тілінде  4 миллиардтан астам адам пайдаланып сөйлесе, Орыс тілінде 270 миллион адам пайдаланып сөйлейді, ал Қазақ тілін пайдаланушылар  бар болғаны 5 ақ миллион, оған жетпеуі де мүмкін. Мен мысалы: Қазақ тілді сайттарға 10 рет кірсем орыс тілді сайттарға 30-40 рет кіріп қоямын (Оны өзім де байқамай қаламын, қалай кіріп кеткенімді, қолым да солай қарай кетіп қала береді, көп нәрселер білуге құштармын ба? сондай). Бұл мен ғана, ал енді есептей бер, сендерде сондайсыңдар! енді өзің ойлана бер.  

Сонда да айтар едім Қазақтың саны аз болса да сайттарымыз пайызбен есептесек орыстардан көбірек!  Орыстардың саны коп болып озып тұр, былайша біз сияқты интернетті көп қолдана алмайды, Қазақтар көп қолданады!
0 дауыс
Қазақ тілінің ауқымы аз
0 дауыс
қазақ тілінде сөйлейтін адамдар аз және оқитын...
+2 дауыс

Өзімнің алдымда жиі кездесетін кедергі - қазақша ақпараттардың саны мен сапасы. Бізде әлі осы екі дүние дұрыс арнаға жете қойған жоқ. Ақпарат керек болған кезде қазақша мәліметтердің жоқтығы, немесе толық болмауы сайттардың қаралымын азайтады. Орыс не ағылшын сайттарына кіріп мағлұмат алуға мәжбүрміз. 

Шешу жолы: ғаламтордағы қазақ аудиториясын қазақша ақпаратпен толықтай қамтамасыз ету. Егер, қазақ тілінде толық қамтылған ақпараттар болатын болса, қазақ сайттарының мәртебесі биік болады. Сол үшін барлық тіл жанашырлары, билік басындағылар, жастар болып ғаламторды қазақыландыруымыз керек. 

0 дауыс
Рунет жақсы дамыған

Казнетте дамып жатыр, сонда да бізге былай сияқты
бірдеңені ездесек орысша іздейміз
0 дауыс
Менің ойымша оның басты себептерінің бірі: ақпараттың қызықсыздығы. мысалға мен өзімнің басымнан өткенін айтайын. Студент шақта сабаққа қатысты бір қажет ақпарат іздесем қазақша жоқ орысша бар. Қазақшасы болсада не сапасыз не болмаса ақылы, сатып алу керек. Бірақ орысшасын тегін табуға болады, тек аударып алсаң болғаны. Солай орыс тілін меңгердікқой қажет болғасын.

Енді дағды болып қалғанба, ойланбастан қажет дүниені бірден орысша іздейтін болыппын.
0 дауыс
Достар көмектерің қажет болып тұр. Елімізде қанша орыс, қанша қазақ сайты бар?
...