+1 дауыс
395 көрілді
Осы кез келген сайттың төмен жағында тұратын Зероу деген рейтинг түзушінің қызметін жетік білгім келеді. Мысалы мына қазіргі суретте:![enter image description here][1]
оң жақтағы жоғарыдан төмен қарай үш қатар орналастырылған сандар нақты қай уақыттағы кірген адамдардың санын білдіреді? Және ол қалай есептеледі? Мысалы бүгін кірген адамдардың санын кешегі кірген адамдардың санына қосып есептей бере ме? Жоқ әлде бүгінгіні өшіріп тастап ертеңгісін қайта бастай ма ? Сосын сол жақтағы 29 бен 59 нені білдіреді? Өтініш бұл сұраққа Ербол Серікбайдың өзі жауап берсе деген өтінішім бар. Алдын ала рахмет!


  [1]: http://zero.kz/c.php?u=38978&t=1&wd=1366&hg=768&du=https://surak.baribar.kz/254308/&rf=https://surak.baribar.kz/ask

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Төмендегі Сайт санағыш Зероның ерекшелігі  басқа сайт санағыштармен бірдей ақпарат көзін берумен қатар онда Қазақстандық қолданушылардың ақпаратын бөлек оңай шығарып беру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда ең танымал Қазақстандық санағыш осы Зеро болып саналады. Барлық Қазақстандық жарнама агенттіктері осы сайт санағыштағы ақпаратқа қарайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 3-4 мыңдай тіркелген сайт бар болса басым бөлігі осы Зеро санағышына тіркелген. Біздің Сұрақ-Жауап сайты осы Талымал қазақстандық 3 мың сайттың ең көп кіретін сайттар қатарына жатады. Біздің сайт осы 30 дыққа кіретін сайт болып табылады.
Қолданушылар саны дегенді түсінбедім   мысалы менің сайтымда тіркелу деген жоқ, қолданушы деп кімді көрсетіп тұр сонда?
Тіркелу жоқ болғанымен сайтқа кіріп көріп қолданушылар бар ғой. Күніне кіретін адам деп отқанымыз олар уникалды қолданушылар саны. Ал Қолданушылар деп отқандығымыз сайтқа кіріп кетіп ғана қалмай сайтқа қайта оралып кіріп тұрған қолданушыларды білдіреді.
Үлкен рахмет !!!!
...