0 дауыс
920 көрілді
Абай поэьемасы тұралы шығарма керек

1 жауап

0 дауыс
Ақын творчествосынан елеулі орын алатын  шығармаларының бір саласы- оның поэмалары. Олар: „Ескендір”, „Масғұт және Әзім  әңгімесі”. Бұл- ақынның лирикадан- оқиғалы, көлемді шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын маңызды еңбектер. Абай өзінің  поэмаларында да жоғарыда  көрсетілгендей әлеуметтік, адамгершілік идеяларын көтерді. Мысалы, өзінің „Ескендір” поэмасында Александр Македонскийдің  озбырлыған, соғысқұмарлығын,  дүниеқорлығын әшкерлейді.

            Абайдың „Масғұт” поэмасы да-  жаңа идеяға  негізделген шығарма. Ақын өз  поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп  көрсетеді. Абайдың аяқталмай  қалған „Әзімнің әңгімесінің” сюжеті бізге араб  ертегісінен „Мың бір түн” қаhарманы Шахризада хикаяларының бірінен мәлім Хасан  зергердің  әңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамайды. Тек  алданған жас  зергердің оқиға  тарихын беретін  жайлары ғана алынады. Сондықтан  Абай  ертегінің сюжетін ғана қайта жырлап бермейді. Мұнда да  ақын өзінің  адамгершілік идеясынан туған   пікірлерін уағыздау   мақсатын көздейді.  Пушкиннің орыс  әдебиетінде  романтикалық мектептің негізін қалағаны сияқты  Абай  да  өз айналасына тілектес ақындар топтады. Шәкәрім (1858-1931), Ақылбай  (1868-1904), Мағауия  (1870-1904), Әсет Найманбай ұлы (1864-1923) сияқты  ақындарды тәрбиелеп  шығарды.Бұл  жас ақындар Абай бастаған романтикалық поэма  жанрын ілгері дамытты. Қазақ әдебиетінде  бұрын болмаған жаңа поэмалар туғызды.
...