+1 дауыс
14.0k көрілді
Ғашықтық туралы түсіндірме. Қыздар ғашық болған кезде не болады?

2 жауап

+2 дауыс

Ғашықтық туралы туралы айтарда, оған екі жақты түсіндірме бермекпін.

Біреуін ғылыми дәлелдермен қарастырамыз. Ал, біреуін күнделікті өмірден, өз тілімізбен түсінетін ұғымда жеткіземіз.

ЖӨФ (Жүйкенің өсу факторы) – симпатикалық жүйке жасушаларының өмір сүруіне қажетті, оның дамуын реттеп отыратын ақуыз. Бұл фактордың қайнар көзі сілекей безі мен орталық жүйке жүйесі. 1986 жылы американдық Рита Леви-Мантальчини атты әйел ЖӨФ-ны ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған.

Құштарлық, жүрек қағысының жиілеуі, эйфорияның болуы, объектінің жанында ұялшақтықтың пайда болуы ЖӨФ-ның концентрациясының көбейіп кетуінен болады-мыс. Ғашық жанның қан құрамындағы осы бір ақуыз тым көбейіп кетеді екен. Мысалы, ғашық адам мен, ұзақ жыл бойы некеде тұрған адамның қан құрамындағы белоктың мөлшерін салыстырсақ, ғашық адамда ол ақуыз 1,5 есе көп екен. Ал, мүлде ғашық емес адаммен салыстырғанда, ғашықтың қан құрмындағы ақуыз мөлшері 1,8 есе көп болады.

Иә, ғылыми деректер ғашықтық туралы сөз етуге тым дөрекі.

Адамның бақылауынан тыс әрекеттерді 3 топқа бөліп қарастырамыз: 
Мінез-құлқы
Көзқарасы 
Ым-ишарасы 
Кеттік, ғашық қыздың іс-әрекетін осы үш топ бойынша анықтайық.

Мінез-құлқы

-Қызығушылық. Ғашық болған объектінің қызық емес әңгімелері де ол үшін сұмдық қызық.
-Қарым-қатынас. Егер қыз бірнеше рет сізге жақын жерде жүрсе, демек оның әңгіме бастағысы келегені деп түсіне беріңіз. 
-Бақыт. Ғашықтықты білдіретін бірден бір фактор мынау! Ғашық қызды көп нәрсе қызықтырмайды, оның сезімінен басқа. Оның жүзі бал-бұл жайнап жүреді. 
-Қатты күледі. Егер, көпшілік ортада қатты-қатты күлетін болса, сіздің назарыңызға түскісі келгені. 
-Екіжүзділік. Егер ол өзін шынайы ұстамаса, немесе көп қателессе,бұл оның ғашық екенін білдіреді.

Көзқарасы

-Сіз оның назарын бірден аудара аласыз. Көп адам бар жерде, оның сізге қарағанын 4-5 рет байқасаңыз, болды, ол сізге ғашық! 
-Сізге қараған көзде көз жанары үлкейіп кетеді. Қызық дүниеге қарағанда барлық адамдардың жанары 45% - ке ұлғаяды. Қыздарға ғашық болған объекті барынша қызық
-Сіз ол қызға қараған кезде, ол жанарын лезде тайдырып ала бере ме? Тексеріп көріңіз, бірнеше ре тайдырған қыз сізге «кет әрі» емес.

Ым-ишарасы 

-Флирт. Сезіміңді білдірудің ең қызық белгісі – флирт. Ол жағымды, жағымсыз түрде де жүре береді. Яғни, тіке мақтауы мүмкін. Және, тиісіп, шымшып аларлық сөздермен де флирт жасауы мүмкін.

-Қобалжу. Жолықтырып қалған шақта, жүзі қызарыңқырап, дем алысы жиілеп кетер болса, сізге немқұрайлы емес.

-Жақындау. Әңгіме дүкен құрылған кезде, сіздің әзіліңізге күліп, сонымен қоса, сізді ұрып жіберуі мүмкін. Ондай сәттер көп байқалса, ойлай беріңіз, ол ғашық. Қасында отырғаныңызда, кетуге әрекет жасамаса да, ол ғашық. Себебі, қыздарға ұнамайтын жігіт жақындаса, бұдан асқан жаман нәрсе жоқ!

-Жеке кеңістік. Егер, оның жеке өміріне араласып кеткеніңізге ешқандай жағымсыз реакция келмесе, оның сізге деген сезімі ерекше. Яғни, сізге ғашық.

Енді, жалпы ғашық қыз қоғамдық ортада өзін қалай ұстайтындығы туралы жазамыз.
Ғашық қыз – өмірге ғашық қыз. Ол үшін мына әлем тек ізгіліктен тұрады. Кәдімгідей ғашық болып жүрген қызға барып, сол жігіт туралы өтірік бірер сөз қозғап қойып, ақша немесе бір зат сұрасаңыз болады. Оның ашық-ғашық жүргегі – қолын да ашық қылады.
Көп күледі. Көпшілік ортада оны әңгімеге тарту қиын. Өйткені, өзіне қызық ой тауып алып, соны ойлап отыра береді. 
Пәлсапашы. Оның пәлсапа соғуы жиілеп, шығарамашылықтың шыңана шығады.
Барлық жерде өзіне қарап жүреді. Ғашық қыздың сырт-келбетінен бірден анықтай берсеңіз болады. Өзгеріс көзге ұрып тұрады. 
Лоторея жеңімпазы. Ғашық қызды миллион ұтып алғандай мақтаныш сезімі кернейді де жүреді. Себебі, ғашық қой, шіркін! 
Құрбысымен тым жақын болып кетеді. Себебі, ішіне сыймаған телегей сезімді сыртқа шығаратын бірден-бір ыңғайлы жан – құрбысы.
Лидер болуға ұмтылыс. Ол ғашық жанға өзін сүйкімді етіп көрсету үшін, нәтиже көрсетуге ұмтылады.

Бағила Айдар

Мынауыңыз таза сандырақ қой, қайдан алып жүрсіз, әрбір пунктын да жоққа шығаруға болады
сұрақ-жауапқа жалпы өз пікіріңізді қалдырғаныңыз дұрысқой. Мынандайларды интернеттен-ақ оқып аламызғой!
0 дауыс
Осындай сұрақтарды көп қояды.
...