0 дауыс
1.6k көрілді
Ұнатқан адамыңызға сүйетініңізді айттыңыз ба? Айтқан болсаңыздар қандай сезімде болдыңыздар? Ғашық болғанда қандай сезімде болдыңыздар?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Нағыз сезім болған кезде жүректе!
               *
    Ғашық болу - сезімдер патшасы екен,
    Ғашық болып өмірден мәңгі өтем!
    Бұл жалғанда шын ғашық бола алсаң,
    Өміріңнің әр күні мәңгі көктем!
    Ғашықтық құдіретті сезім дер ем,
    Махаббатты жүрегіммен сезінем мен.
    Махаббаттан қуаныш бақ күтемін,
    Бес күндік мына жалған өмірде мен!
    Ғашық болу - қиындыққа мойымау,
    Махаббатты сақтай білу қиын-ау!
    Сол сезімді сақтау үшін тек қана,
    Бір қуанып, бірде уайым жеймін-ау!
    Сезім кейде муң сыйлайды жүрекке,
    Ал шыдасаң - нық орнайды жүректе!
    Сезіміңнен артық болмас еш нәрсе,
    Нағыз сезім болған кезде жүректе!
    Нағыз сезім болу үшін жүректе,
    Адалдық пен төзім керек жүрекке!
    Сезім соқса жүрекпенен қосылып,
    От ойнайды жалын атып жүректе!
міне, мендегі сезім осындай!
керемет өлең!
Керемет!!!
Соңғысын өзің қосжібердіңаудим )
Əлде өзің шығ.ба
0 дауыс
Айтысыңғо және өзіде саған айтады ғо солай солай жалғасып кетеді әркімдікі әр түрлі
0 дауыс
Шынымды айтсам тек бір адамды сырттай ұнатыппын,сүйетінімді айтқан емеспін қыз баланың бірінші  сезім білдіргені дұрыс емесқо!Не  болсада  әлі де ғашық боламын деп ойлаймын,әлі де уақыт барғо,әзірше сабағымды оқып жүргенім дұрыс шығар,бәлкім?!
+1 дауыс
Негізгідегі бір сұрақ, ішіндегі бір сұрақ екен. Екеуінеде жауап берейін.
1. Ғашықтықты бастан кешкен адам сүйіктісіне өз жан дүниесіндегі ерекше бір  мазалап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырған сол бір кереметтей сезімді сөзбен жеткізуі мүмкін, дәлелдеу емес. Сенің сұрағың қыздардың қояр "сүйсең дәлелде" дегенімен бірдей екен. Ол сезімді сөзбен дәлелдеу мүмкін емес. Және интернетте! Оған қоса 2 ғашық жүрек бір-бірін шын сүйсе дәлелдеуді талап етпейді...
2. Қызға өз сезіміңді айтқанда аздап қобалжисың.. Себебі сүйген қызыңа шын сезіміңді айтып жатсың, басқа бір әдемі, бірақ ұнамайтын қызға емес! Сүймеген адамыңды алдау қиынға соқпайтын сияқты қазіргі жастарға... Түрі ұнаса болды, мінезі, пәктігі қызықтырмайды (бәрі емес, мен көрген балдар)
0 дауыс
Махаббат деген ия қолымен ұстап көзбен көретін дүние емес. ол екі адамның бір-біріне деген ынтық сезімі.Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Гашыктык сезимди билдиртпеу мумкин емес сол адамга конилин ауып турса бари де сенин козинен байкалады деп ойлаймын.Сол адамда сагынып саргайып, коргин келип, дауысын естигин келип кашанда есил дертин сол адамга ауып турады,Бирак бари ушин жауап бере алмаймын ар адамнын жаратылысы ар турлигой сезимин билдиртпей устайтын адамдарда бар шыгар.
0 дауыс
әрине ғашық болдық. бірақта сүйем деген сөздің өзін бір қиналып айтатын едік басында.
0 дауыс
әрине ғашық болдық! ол өте керемет сезім!қыз баласына сезімін айту жат қылық емеспе, айта алмадым ешқашан.
0 дауыс
ғашық болғым келеді, ғашық болғым,
жалғыздықтың парағын ашып болдым.
бір минутта көрмесем сағынатын...
ес ауысып сүйердей ғашық болғым!

махаббат бүл өмірде көпір екен,
сол көпірмен бақытқа бәлкім жетем?!
кім мені жан тәнімен сүйе алса,
мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
+1 дауыс
Иә, ғашық болдық, әлі де ғашықпын.... Айттым...  Жеткізу қиын болды,  не айтарыңды не айтпасыңды білмей,  өздігіңінен кері тартып тұрасын (тормоз болып) ...  Айтқан кезде, босаңсып кетесің, бірақ қазір жиі айтамын..) Сәздерге де соны тілеймін,   шын жүрекпен айтыңыздар...
...