Көру қабілеті төмен адамдардың сынағы
Көп жағдайда рецепт бойынша берілген көзілдіріктер көру қабілеттілігін дұрыстайды, бірақ көзілдірігіңіз жұмыс істемей қалса өміріңіз қалай өзгеретінін елестете аласыз ба? АҚШ халқының 100 000 астамы «Пигментті ретинит» (ПР) ауруына шалдыққан, негізінен бұл ата-ананың біреуінен немесе екеуінен де берілетін мутацияланған гендерге байланысты орын алады. Қарапайым тілмен айтқанда, көзге тым көп жарық түсуінен және перифериялық сәулелерді көруге кедергі келтіретін өзекшелері ыдырайды. Ол қараңғылау бөлме ішіндегі, су астында, бірнеше қара саван арқылы қараумен бірдей. Сондай-ақ, ПР дерті тереңділікті айыруына әсер етіп, жол жиектері мен шұңқырлар сияқты көп өлшемді құрылыстар түзу болып көрінеді.
ПР дертіне шалдыққан адамдарға, басқа адамдармен жұмыс істей қиын болуы мүмкін, себебі, олар бірге жұмыс істеу үшін көрнекі күйін үйретулері керек. Бұл мақала көру қабілеті төмен адамдармен жұмыс істегенде үйрену үшін бірнеше кеңес ұсынады.
Жиналыс жоспарлаған кезде
Жиналыстар көру қабілеті төмен адамдарға өте қиын тиеді. Мына жерде көмектесе алатын бірнеше кеңес келтірілген.
Жарық
Көру қабілеті төмен адамдардың көруіне жарық өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, кейбір адамдар шағылысқан жарықты ұнатпайды. Мұндай жағдай ақ тақталары бар мәжіліс залдарында көп кездеседі. Оның әсері, көзге түскен камераның жарқыл әсеріне теңеуге болады. Көп ұзамай, көру аумағында үлкен қара нүктені көре аласыз.
Басқа адамдар анық көру үшін табиғи күн жарығын немесе толық жарық беруді талап етеді. Жиналыс басталмай тұрып, адамның көру қабелтіне әсер ететін, сол адамға жарықтың қай түрі сәйкесінше жағатынын тексерсеңіз, жиналысты бір шама жеңілдетесіз.
Үлестірме материалдар
Алдын ала дайындалып қойылған үлестірме материалдары, жиналыс кезінде ақпаратты тартауға кеңінен таралған тәсіл болып табылады. Өкінішке орай, арамыздағы оқи алмайтын адамдарды ескерілмей қалған. Ол қазіргі уақытта не туралы талқыланып жатқанын түсінуге және ұғуға кедергі келтіреді. Арамыздағы кейбір адамдар біздің толық назарымызды талап ететін экраннан оқу бағдарламаларын пайдаланады. Компьютерді тыңдап және сөйлесуге бірдей қатысу қиын. Бірақ көру қабілеті төмен әріптесіңіз үшін ақпаратты алу оңайға соғады: кем дегенде жиналысқа бір күн бұрын, оларға электрондық пошта хабары арқылы жіберу. Бұл оған материалды алдын ала қарап және дайын болуына мүмкіндік береді.
Суреттер мен көрсетілімдер
Көру қабілетіңіз төмен болмаса, бір сурет мың сөзге татиды. Жиналыс кезінде сөлесулердің көрнекі бейнесін елестетуден қиын ешнәрсе жоқ. Сурет материалдарын көрсетілім жасаған кезде, көру қабілеті төмен адам экранда немесе тақтада көрсетілгенді елестету үшін мұқият таңдалған сипаттама сөздерді пайдаланыңыз. Сөздеріңіз жақсы сипатталып жатқанына көз жеткізу үшін басқа бір адамды көзін жұмып көрсетілімді тыңдауын сұрау жақсы әдіс болып табылады. Осы дағдыны шыңдай берсеңіз, өміріңіздегі әртүрлі орталарда сөйлесу дағдыңыздың жақсарғанын байқайсыз.
Жиналыс орындары
Зағип адамдар жиналыс залына қалай жол тауып келетіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Мысалы, «Майкрософт» корпорациясында есікті ашатын карта оқығышы әр ғимарат пен әр есікте әр түрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ, әр ғимарат өз алдына орналасқан.
Жиналыс ұйымдастырушылары жиналыс басталмай тұрып, жиналыс залына барар жолды көрсетіп тұратын жол сілтегіштерді қамтамасыз еткендері дұрыс болар еді. Көпшілік көру қабілеті төмен адамдар тек дәліздер мен есіктерді санай алады. «Майкрософт» корпорациясында әр есіктің жанында жиналыс залының нөмірі мен атын көрсетіп тұратын «Брайль» белгісі тұрады. Егер ғимаратта «Брайль» жүйесі бойынша көрсетілмесе, көру қабілеті төмендеген адамды жиналысқа жол сілтеуіне келісуіңізге болады.
Егер зағип болсаңыз және жетелейтін итіңіз болмаса, адамға лық толы бөлме ішінде бос орындық табу өте қиын. Егер бөлмеген кіріп жатқан соқыр адамды байқаған болсаңыз, оны қажетінше есікке жақын бос орындыққа апаруыңызды ұсыныңыз.
Онлайн жиналыстар
Онлайн жүйесінде болып жатқан жиналыстар қашықтағы жұмысшылар үшін өте ыңғайлы. Алайда олар көру қабілеті төмен адамдарға қол жетімсіз болуы мүмкін. «JAWS» немесе «Windows Eyes» экраннан оқу бағдарламасы өте жақсы, бірақ олардың шектеулері бар. Көрсетілім бір аймақта, ал сөйлесулер екінші аймақта көрсетілсе, көру қабілеті төмен адамдарға қиын болады. Үстел үстінде бірнеше сөлесулер бір уақытта жүріп жатқанын елестетіп көріңіз. Егер бір құлақ түрсеңіз, онда екіншісі шу ішінде жоғалып кетеді. Онлайн режимде жүріп жатқан көрсетілімдер экраннан оқу бағдарламасына түрленбейді. Егер көру қабілеті төмен адамның қасында аудармашы тұратын болса, оны онлайн режиміндегі жиналысқа қатысуын сұрау ақылға симайды.
Көру қабілеті төмендеген адаммен кездестірсеңіз
Көру қабілеті төмендеген адамдардың көпшілігі өзінің айналасындағы ортаны сезеді. Егер дәлізде итпен немесе балдақпен келе жатқан адамды көрсеңіз, өзіңізді қабырғаға тақалудың қажеті жоқ. Тек жолын бөгемесеңіз болғаны. Не болмаса ол адамға осында екеніңізді және оны танығаныңызды білдіру үшін «Сәлем» деп айтуға да болады.
Қандай жағдай болмасын есікті ашу ұсынысы - сыпайылықтың белгісі. Көру қабілеті төмен адамдарға мұндай қызмет көрсеткенде, есік тұтқасына қол жетпегендіктен, «өтінемін, кіріңіз» деп сыпайы түрде айтқан жақсы болар еді. Біреуге қол ұшын берген сондай керемет. Сондай-ақ, оларды түскі асқа шақыруға немесе дәлізде біраз ғана сөйлесуге қысылмаңыз.