+1 дауыс
2.4k көрілді
Адам денсаулығына сақтап тұру үшін иммунитет деген жүйе бар. Иммундық жүйе. Жалпы иммунинет дегеніміз не?

2 жауап

+2 дауыс
1) Алдында айтқанымдай, денедегі микробтар мөлшері иммундық жүйеге ермек қылуға шекеден жетіп артылады. Яғни, әлгі охрандіктер күзетеп, тасын қасееп, сигнал күтіп отырған қазақтың охрандегтері емес.

Үнемі патрульде жүретін, үнемі атакаға ұшырап отыратын, бірақ тым ауыр жағдайлар, мысалы үлкен мөлшерде вирус жұқтырмаса, үндемей жұмысын жасай беретін айналайын Аваст сияқты антивирус.

Сондықтан, гигиенаны азайту арқылы, иммунитетім көтеріледі деген әңгіме қисынсыз. Адамның көптеген ауруларға қарсы иммунитеті көбіне туа бітті болады. Ол — эволюция жолында мыңдаған, он мыңдаған жылдап қалыптасқан жүйе.

Иә, адам прививка жасау арқылы, ағзада иммунитет қалыптастыруға тырысады. Бірақ, прививка тек пандемикалық, эпидемиялық сипаты бар, немесе аса қауіпті де танымал ауруларға ғана қарсы. Онда да, келесі жұқтырғанда ауырмайтыныңа көбісі 100 пайыз гарантия бермейді.

2) Лебедевтың теңеуімен айтар болсақ, күні бойы тесіктерді қымтаумен, тесіктен сытылып кіріп, қаумалап бара жатқан ұрыларды ұрып, аулап, байлаумен әлек боп жатқан күзетші үнемі күреске дайын болуы үшін, осы жұмысын аз көріп, кіре беріс есікті ашып, шарбақтағы тікенек сымды шешіп қоюы керек. Нонсенс. Үйіңдегі лампылардың барлығын кварц прожектормен алмастырып, жатарда полды хлоркамен жуып тұрсаң да, айналаңда бактериялар өріп жүреді. Тек олардың мөлшері қандай да бір ауру тудыруға жеткіліксіз болады.

3) Гигиена нормаларын сақтану — тіршілік тығыз орналасқан жабайы қоғамдағы орташа өмірі 30-ақ жыл болатын адамның жасын статистика бойынша 60 жасқа тірейді.

4) Мегаполисте ешбір гигиена ұстанбай өмір сүретін адамның өмірі гигиенасыз жабайы адамның орташа өмірінен де қысқа болады. Себебі, қаладағы адам тығыздығы таза табиғаттағы тіршілік тығыздығынан бірнеше есе қауіпті. Егер мегаполис адамдары бір ауыздан гигенаны тоқтатып, құбыр суларын залалсыздандыруды доғарса, холера сияқты эпидемиялық аурулар қайта жаңғырады.

5) Эпидемия демекші, кірді жеп, микробты сүйіп жүрген Америка Үндістерін ақтар өздерінің әскери өнерімен ғана емес, биоқарумен, яғни оспа мен оба вирустары арқылы айдап алды. Еуропалықтарда бұларға деген "қорғанысы" бар күзетшілер бірнеше ғасырда қалыптасқан.

6) Иммундық жүйе әлсіреуіне миллион себеп бар өмір салтынан бастап, тұқымқуалаушылық, акклиматизация мен ұзақ уақыт ұйқы қанбаудан бастап, бұрын жұқтырған вирусыңның өзге штамын тым үлкен мөлшерін қайта жұқтыру, құрттар, қозғалыссыз тіршілік, тым арықтық не семіздік, есірткі, арақты ұзақ уақыт қолдану, грибоктар мен басқа ірілеу паразиттердің тірлігі, қозғалыссыз өмір, кәрілік, тұрақты немесе үлкен травма алу, жұқпалы емес және жүйелік аурулар, обыр, диабет, авитаминоз, стресс пен уайым-қайғы, и білә конечно же ВИЧ)

7) Кейбір ауруларға адамда иммунитет мүлде қалыптаспайды. Мысалы, мен білетін мысал — сифилис. Неше рет жұқтырсаң, сонша рет ауырасың. Яғни, бұл бандиттер күзетшілеріңді келген сайын сабап, сырттан вертолетпен кеп автоматпен себелеп кететін полиция /антибиотик / шақырмасаң кетпейді. Онда да рэкет пұлын ап кетеді.

Жәлепке бармайм мен, кет-ей! -демей тұра тұр, сифактың тек ғана жыныстық жолмен емес, тұрмыстық жолмен де жұғатын түрі бар. Кәдімгі, ортақ сүлгі, орамал, сүйретпе, сақал қырғыш сифактың үйреншікті көлік құралы.

8) Адам метроның кірін мұрнына тықпай-ақ, спортпен тұрақты шұғылданбаса, денесінде витамин жетіспесе, суық-ыстық сумен ағзаға қауіпсіз стресс беріп, («учебный тревога жасап») шынықпаса, сәл суықтаса болды, тұрақты түрде тыныс алу жолдарының түрлі дерттерімен ауырып тұрады.
Яғни, вирустар бізді онсыз да үнемі атакалап тұрады. Оған қасақана себеп беру үшін дауылбайоптың нағыз өзі болу керек.

Жыл сайын тұмауратып тұру да оңай емес. Бірақ жыл сайын тұмауға қарсы иммунитетіміз оның бізді өлтіртпеуіне ғана жетеді.

Тұмаудың бірінде құлақ естімей, екісінде көзің көрмей, үшіншісінде өліп қалуың мүмкін екенін ескерсе, микробты іздеп жүріп жалау — Дарвин сыйлығына өзіңді ұсынумен тең.
Жауапты өлтіріпсіз, өте прикольно болса да адамның есінде жақсы сақталып қалатын пікір екен. Жалықтырмайтын осындай пікірлер көп болса екен.
            Мына бір жері өте үйлесімді суреттеліпті.
7) Кейбір ауруларға адамда иммунитет мүлде қалыптаспайды. Мысалы, мен білетін мысал — сифилис. Неше рет жұқтырсаң, сонша рет ауырасың. Яғни, бұл бандиттер күзетшілеріңді келген сайын сабап, сырттан вертолетпен кеп автоматпен себелеп кететін полиция /антибиотик / шақырмасаң кетпейді. Онда да рэкет пұлын ап кетеді.
жауап әдемі сізге бір өтініш айтсам енді осы тақырыпқа әдеби тілде эссе жаза аласыз ба осы 1 2 күн ішінде
Алдын ала рахмет
0 дауыс
Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтарменқосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттержиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.
...