1) Алдында айтқанымдай, денедегі микробтар мөлшері иммундық жүйеге ермек қылуға шекеден жетіп артылады. Яғни, әлгі охрандіктер күзетеп, тасын қасееп, сигнал күтіп отырған қазақтың охрандегтері емес.
Үнемі патрульде жүретін, үнемі атакаға ұшырап отыратын, бірақ тым ауыр жағдайлар, мысалы үлкен мөлшерде вирус жұқтырмаса, үндемей жұмысын жасай беретін айналайын Аваст сияқты антивирус.
Сондықтан, гигиенаны азайту арқылы, иммунитетім көтеріледі деген әңгіме қисынсыз. Адамның көптеген ауруларға қарсы иммунитеті көбіне туа бітті болады. Ол — эволюция жолында мыңдаған, он мыңдаған жылдап қалыптасқан жүйе.
Иә, адам прививка жасау арқылы, ағзада иммунитет қалыптастыруға тырысады. Бірақ, прививка тек пандемикалық, эпидемиялық сипаты бар, немесе аса қауіпті де танымал ауруларға ғана қарсы. Онда да, келесі жұқтырғанда ауырмайтыныңа көбісі 100 пайыз гарантия бермейді.
2) Лебедевтың теңеуімен айтар болсақ, күні бойы тесіктерді қымтаумен, тесіктен сытылып кіріп, қаумалап бара жатқан ұрыларды ұрып, аулап, байлаумен әлек боп жатқан күзетші үнемі күреске дайын болуы үшін, осы жұмысын аз көріп, кіре беріс есікті ашып, шарбақтағы тікенек сымды шешіп қоюы керек. Нонсенс. Үйіңдегі лампылардың барлығын кварц прожектормен алмастырып, жатарда полды хлоркамен жуып тұрсаң да, айналаңда бактериялар өріп жүреді. Тек олардың мөлшері қандай да бір ауру тудыруға жеткіліксіз болады.
3) Гигиена нормаларын сақтану — тіршілік тығыз орналасқан жабайы қоғамдағы орташа өмірі 30-ақ жыл болатын адамның жасын статистика бойынша 60 жасқа тірейді.
4) Мегаполисте ешбір гигиена ұстанбай өмір сүретін адамның өмірі гигиенасыз жабайы адамның орташа өмірінен де қысқа болады. Себебі, қаладағы адам тығыздығы таза табиғаттағы тіршілік тығыздығынан бірнеше есе қауіпті. Егер мегаполис адамдары бір ауыздан гигенаны тоқтатып, құбыр суларын залалсыздандыруды доғарса, холера сияқты эпидемиялық аурулар қайта жаңғырады.
5) Эпидемия демекші, кірді жеп, микробты сүйіп жүрген Америка Үндістерін ақтар өздерінің әскери өнерімен ғана емес, биоқарумен, яғни оспа мен оба вирустары арқылы айдап алды. Еуропалықтарда бұларға деген "қорғанысы" бар күзетшілер бірнеше ғасырда қалыптасқан.
6) Иммундық жүйе әлсіреуіне миллион себеп бар өмір салтынан бастап, тұқымқуалаушылық, акклиматизация мен ұзақ уақыт ұйқы қанбаудан бастап, бұрын жұқтырған вирусыңның өзге штамын тым үлкен мөлшерін қайта жұқтыру, құрттар, қозғалыссыз тіршілік, тым арықтық не семіздік, есірткі, арақты ұзақ уақыт қолдану, грибоктар мен басқа ірілеу паразиттердің тірлігі, қозғалыссыз өмір, кәрілік, тұрақты немесе үлкен травма алу, жұқпалы емес және жүйелік аурулар, обыр, диабет, авитаминоз, стресс пен уайым-қайғы, и білә конечно же ВИЧ)
7) Кейбір ауруларға адамда иммунитет мүлде қалыптаспайды. Мысалы, мен білетін мысал — сифилис. Неше рет жұқтырсаң, сонша рет ауырасың. Яғни, бұл бандиттер күзетшілеріңді келген сайын сабап, сырттан вертолетпен кеп автоматпен себелеп кететін полиция /антибиотик / шақырмасаң кетпейді. Онда да рэкет пұлын ап кетеді.
Жәлепке бармайм мен, кет-ей! -демей тұра тұр, сифактың тек ғана жыныстық жолмен емес, тұрмыстық жолмен де жұғатын түрі бар. Кәдімгі, ортақ сүлгі, орамал, сүйретпе, сақал қырғыш сифактың үйреншікті көлік құралы.
8) Адам метроның кірін мұрнына тықпай-ақ, спортпен тұрақты шұғылданбаса, денесінде витамин жетіспесе, суық-ыстық сумен ағзаға қауіпсіз стресс беріп, («учебный тревога жасап») шынықпаса, сәл суықтаса болды, тұрақты түрде тыныс алу жолдарының түрлі дерттерімен ауырып тұрады.
Яғни, вирустар бізді онсыз да үнемі атакалап тұрады. Оған қасақана себеп беру үшін дауылбайоптың нағыз өзі болу керек.
Жыл сайын тұмауратып тұру да оңай емес. Бірақ жыл сайын тұмауға қарсы иммунитетіміз оның бізді өлтіртпеуіне ғана жетеді.
Тұмаудың бірінде құлақ естімей, екісінде көзің көрмей, үшіншісінде өліп қалуың мүмкін екенін ескерсе, микробты іздеп жүріп жалау — Дарвин сыйлығына өзіңді ұсынумен тең.