0 дауыс
7.2k көрілді
Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Шежіренің қазіргі маңызы?

2 жауап

0 дауыс
Шежіренің қазіргі маңызы - бір ұлттың  тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады.  Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу.

Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек.

4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз.
0 дауыс
Шежіренің ешқандай тарихи, ғылыми құндылығы жоқ, ұлттық мифиология, көркем әдеби жағынан ғана құндылығы болар
шежірені ауадан алып жасамайды,оның ішінде де белгілі дәрежеде шындық болады,сондықтан оның тарихи маңызын жоққа шығару дұрыс емес секілді
Белгісіз
Әрине, Дұрыс айттыңыз, бірақ оның түпкі мағынасына жету бізге бұйырмаған
Тарихи ешқандай маңыздылығы жоқ сияқты маған
...