0 дауыс
251 көрілді
Одри Хепберн туралы. Оның өмірлік жолы ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс
"Ең бастысы- раxаттанып өмір сүру, бақытты болу, осы ғана маңызды." Атақты модель және актрисаның қыздарға берер кеңесі бірнеше бағытта жүреді.

"Бақыт: Анаңызды тыңдаңыз, адамдардан көп нәрсе күтпеңіз, адамгершіліктің ең биік шыңында болыңыз, өкінішсіз өмір сүріңіз;
Жетістік: жақсы оқушы болыңыз, мүмкіндік есігіңізді қағып тұрғанда- ашыңыз, көп жұмыс істеңіз, құрбандық жасауға дайын болыңыз;
Денсаулық: қала өмірінен қорғаныңыз, дұрыс тамақтаныңыз, бірдеңе өсіріңіз, С витаминін көбірек қолданыңыз, реалист болыңыз;
Маxаббат: адамдардың жүрегіңізді жаралауына дайын болыңыз, ер адамдағы эгоны есіңізде сақтаңыз, қашан кету керегін біліңіз, не қалайтыныңызды біліңіз, ғажайыпқа сеніңіз;
Достық: адал, сенімді болыңыз, адамдарды жақсы көріңіз, тыңдай біліңіз, шынайы болыңыз, көбірек күліңіз, өз-өзіңізді сол күйде қабылдаңыз, сеніміңіз болсын, қарапайым өмір сүріңіз, қажет болыңыз;
Стиль: өзіңді таны, қаншалықты аз болса- соншалықты жақсы (артық әшекей) , ешқашан тым сенімді болмаңыз, мақсатыңыз болсын;
Адамгершілік: дұрыс ойлаңыз, саясаткер болмаңыз, дем беріңіз."

Барлығы да қарапайым, өзіміз білетін іс-әрекет. Үнемі өзіне сенімсіз, қарапайым қыздың жеткен жетістігі- басқаларға да үлгі бола алады.

"Мен тек жасауым керек істі жасаймын, басқа ештеңе емес. Мен ережелермен жүретін адам емеспін".
"Мүмкін тұмау тисе өзіңізді өзіңіз емдей алатын шығарсыз, бірақ қызуыңыз көтерілген кезде дәрігерге жүгінуге тура келеді".
"Ғажайыпқа сенбейтін адам- реалист емес."
"Киімнің тұруы оны кімнің кигеніне байланысты. Өзгерудің қажеті жоқ. Әркімнің өз стилі бар. Тек соны тапқан кезде, мықтап ұстап қалыңыз".(с) Одри
...