0 дауыс
457 көрілді
Қай блогер мықты немесе klout.com рейтингі жайлы не білесіз?

1 жауап

0 дауыс
Әр адамда жетістікке жету жолдарымен қоса жетістіктің көрсеткіштері болады. Мысалы, жобаны басқаруда оның сәтті болуын 3 нәрсеге қарап өлшейді: жоба өз уақытында бітуі керек, жобаның көлемі жоспарланған сомадан аспауы керек және жобаның мазмұны толық орындалу керек. Егер осы 3 көрсеткіштің бірі орындалмай қалса, жоба сәтсіз болып есептеледі. Бұндай көрсеткіштерді менеджмент тілімен KPI (Key Performance Indicators), яғни "табысқа жетудің негізгі тиімділік көрсеткіштері" деп атайды.

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде түрлі блогерлер мен белсенділер қаптап кетті. Жақсы тенденция! Дегенмен олардың сапалысын сұрыптау қиынға соға бастады. Әлеуметтік желілерде кім ықпалды, кімнің аудиториясы көп, қай блогер барлық әлеуметтік желіде белсенді деген сұрақтардың жауабы көпшілікті қызықтырды. Оған жауап табу үшін блогерлердің де, жазбаларының да KPI көрсеткіштері болу керек еді. Шешімі табылды...

Klout.com
Бүкіл әлемнің блогерлерінің KPI көрсеткіштерін есептеп, обьектив баға беретін нейтрал құрал пайда болды. Klout.com сайтына Туиттер арқылы тіркеліп, өзіңіз отыратын бүкіл әлеуметтік желіні сайтқа жалғайсыз. Klout.com сайты барлық әлеуметтік желілердегі жазбаларыңызды, лайк, коммент, репост бәрі-бәрін есептеп, сіздің қай жазбаңыз xит болды, қанша адамға жетті, әлемде қандай тақырыптар тренд екенін шығарып, анализ жасап береді. Мысалы, менің бүгінгі аудиторияға ықпал ету индексім 100-ден 71. Ал Қазақстанда #1 тұрғанЕсен Елеукен ағаның индексі 78-ге шамалас.

Klout.com-ға тіркелген қолданушылардың ішінен тек қазақстандықтарды ғана көрсететін 2 сайт бар: kaznet.me және jas.kz
Kaznet.me сайтында KZ аймағындағы қолданушылар, компаниялар және БАҚ-ның рейтингін көре аласыз. Ал Jas.kz сайтында тек қазақ блогерлерінің рейтингі бар. Бір сайтта 19-орындамын, тек қазақтар арасында 13-орындамын. Екеуінде қатты айырмашылық болмағандықтан көбіне Jas.kz/klout сілтемесі арқылы рейтингімді қараймын. Jas.kz сайты тәулік сайын 00:00-де жаңарып тұрса, kaznet.me 2-3 тәулікте бір-ақ жаңарады. Негізі екеуі де блогердің баллын klout.com сайтынан алады.

Klout.com рейтингі не үшін керек?
- өзіңізді дамытып, сапалы дүниелер жазу үшін;
- жарнама берушілердің, шара ұйымдастырушыларының көзіне түсіп, әлеуметтік желілер арқылы қаржы табу үшін;
- "түгеншені мойындаймын, пәленшені мойындамаймын" сияқты субьектив пікірден арылып, обьектив баға беру үшін.
...