0 дауыс
26.0k көрілді
Блогер деген кім?

Блогер болу үшін не істеу керек?

Қазақстандағы №1 блогері кім?

Блогерлер қандай сайттарда жүреді?

9 жауап

0 дауыс
Блогер деген  блог жазушы !

фотоблогер видеоблогер түрлері де болады олар фото видеолар арқылы пост жазады! АЛ блогердің өзі тексттер арқылы пост жазады! ! ! барынша түсіндіріп қарадым ал қазақша жалпақща!
0 дауыс
Блогтың түрлері көп, ең танымалы жазбаша блог, енді жақсы дамып жатқаны видеоблог. Жазбаша блог жасау қатты қиын емес Blogtime.kz , Massaget.kz , Aitaber.kz сайттарына тіркеліп кез-келген тақырыпта блог(өз ойыңды) жаза бер. Видеоблог жасау үшін жақсы бір камераң болуы керек және жақсы дауыс та керек, ютубта каналың болса тез таныласың. Қазақстанда жазба блогта танымал адамдар өте көп, видео блогта Айжан Карибаева деген қызды білемін.
0 дауыс
Қарапайым тілмен айтқанда... өзінің ойына келген, өзін қызықтыратын тақырыптарды күнделік ретінде онлайн жазып отырушы. Жазбаларын жаңартып отырады, өңдеп отырады.
+1 дауыс
Сол блогердің кім екеніне өзімде түсінбей ақ қойдым тегі...
0 дауыс
Блогер дегеніміз блок жазушы.
+1 дауыс

БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?

 • блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған/болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.

толығырақ

+1 дауыс
Агентте блогқа көп жазатын адам деп ойлап келсем .
0 дауыс
Қытайлық блогер Қазақстанда Қытай туының желбірейтін күнін армандайды

Дата: 14 ноября 2014 в 14:43 Категория: Қазақша жаңалықтар

[Қытайлық блогер Қазақстанда Қытай туының желбірейтін күнін армандайды]
Ғаламтордағы «Живой журнал» блогплатформасында James Kellop атты блогер Қазақстанда Қытайдың туы желбірейтінін айтты. Бұл пікір көпшілік ортасында қызу талқылануда деп хабарлайды Алаш айнасы басылымы.

«Мен 50 жасқа келгенде Астанада, Ашхабадта, Ташкентте, Бішкекте, Кабул мен Душанбеде Қытайдың туы желбірейді деп үміттенемін. Осы елдердің биігіне Қытай туы тігілетіне сенемін», — деп жазады James Kellop.

Бұдан бұрын «Новая Национальная идея Украины на пути в Африку», «Земля лишных-китайских мир» жазбаларымен танылған, осындай жазбалары арқылы өзінің саяси көзқарасын жиі білдіріп отыратын бұл адамды сол сәтте «Қытайдың жансызы» дегендер де болды.

Ол өзі жайында оқырмандарына көп айтпайды. Тек өзінің америкалық екенін, негізгі ата-тегі чехтан шыққанын, орыс тілін жақсы білмейтінін, қазір Катарда екенін, қару-жараққа асқан қызығушылығы барын жаймен жіпке тізеді.

Дегенмен оның жазбаларын оқып, тілдескен оқырмандары, James Kellopтың қытайлық екенін бірден таныды. Оның сөйлем құрауы, сөйлесу мәнері қытай азаматы екенін айқындай түскен.

Бірақ ол бұл пікірлерге «Өзге елдердің тілін білу, дәстүріне қанығу, адамдарымен тілдесу бұл менің жұмысым. Мұнда тұрған дәнеңе жоқ» деп ақталған.

Ол өз жазбаларында Қазақстанның ұлан-байтақ жерде жалғыз Астананы ғана тұрғызғанын, Қазақстандықтарға алып Қазақстанды тұрғызуға, дамытуға көмектесу керектігін айтқан.

«Оларға бір-бірін талап жеуге көмек беру керек. Олар алып Қазақстанда бір ғана Астананы тұрғызды. Ал елдің қалған аймағы кедейшілікте өмір сүруде. Елдің элитасының менталитеті африкалықтарға ұқсайды. Елдегі элита өздеріне ешқандай қажетсіз нәрселерді сатып алу үшін жер ресурстарын сатуда», — деп жазады James Kellop.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда қазақтарсыз өмір сүру, проблемаларды қазақтарсыз шешу оңайырақ болатынын, 17 млн қазақстандықтың өте мол ресурстарды тұтынуы, жерінің тең жарымының бос жатуы әділдікке жатпайтынын да жеткізіпті.

Тіпті, Қазақстан халқын үлкен қалаларға емес, жапан түздерге қоныстандыру керек деген пікірін де жазыпты блогына.

Оларға бір-бірін талап жеуге көмек беру керек. Олар алып Қазақстанда бір ғана Астананы тұрғызды. Ал елдің қалған аймағы кедейшілікте өмір сүруде. Елдің элитасының менталитеті африкалықтарға ұқсайды.

Осы жазбасы арқылы Қазақстанның ел болуына, алып Қазақстанды дамытуға көмек керектігін айтқан James Kellop болашақта Қазақстанға Қытай Халық Республикасының көмекке келетінін, осылайша Қазақстанда Қытайдың туы желбірейтінін айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейліктер Владимир Жириновский мен Эдуард Лимонов қазақ елінің Тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, Қазақстанның біршама облыстарын Ресейге қосу керектігін айтқан болатын.
0 дауыс
Блогер-дегеніміз қызықтыратын пост жасайтын қызықты видеолар, суреттер салады өзінің ойын қызықты нәрселер келсе соны істейді бұл менің ойым.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 9.01.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...