Менің жетістіктерімнің сыры неде?
18 жылдық өмірімді еске алсам, жетістіктерім мектеппен байланысты екен. Күніне 6сағатымды мектепте, тағы 8сағатымды ұйықтасам, қалған 10сағатымды отбасыммен өткізіппін. Бұл орташа есеппен. Ояу жүрген өмірімнің жартысы мектепте, жартысы үйде өткен ғой сонда. Достарымның арасында беделді болу,статусымды 8жыл қатарынан ұстап тұру - адамдармен қарым-қатынас жасау өнерінің арқасында екен. Мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас жасағандықтан, кейбір қателіктерімді "əдемі көздерім" үшін кешіретін. Солай, үздік аяқтадым. Мектеп кезіндегі ең үлкен сынақ - ҰБТ ғой. Ол да солай, жаңа мектепке көшкенде тіл табыса білу өнерімнің арқасында тағы да жетістікке жетіп, жақсы топбасшы болдым. Оның үстіне, мұғалімдер де маған аянбай білімдерін құйды.
Сонымен, жетістігімнің сырын түсіндім. Бірақ мен өзімді бұл өнерден хабардар емеспін деп ойлайтынмын. Себебі, мен интроверт болатынмын. Мен бұл өнерді үйренбей тұрып осындай жетістікке жетсем, бұл өнердің қыр-сырын түсінген соң не болмақ деп ойлана бастадым. Содан бері мен психологияға қызығамын.
Расында, даналық - ең үлкен нығмет. Бірақ оны тек ақылдылар ғана түсінеді демекші, маған Жаратушы көп артықшылықтар беріп қойыпты. Өзімді соншалықты данамын деп айта алмаймын. Бірақ мен адамдарды жақсы түсінемін. Олар сөйлеп бастамай-ақ оларға жаным ашып, не сезініп, не ойлап тұрғанын жақсы түсінетіндеймін. Бұған келгенде мен өте сезімтал, жараланғыш, аяушымын. Бірақ таяқтың екі ұшы болатындай, кейде жгрегіңе бəрін жақын қабылдап, эмоцияға беріле бермеген де дұрыс сияқты.
Эмоцияны басқару да - өнер.