0 дауыс
445 көрілді
Сіздер өз денсаулықтарыңызды қалай күтіп жүрсіздер? Спортпен шұғылданасыздар ма? Тез дайындалатын тағамдарға қалай қарайсыздар? Оларды тұтынасыздарма?

1 жауап

0 дауыс

Жақсы өмір сүргіңіз келсе, денсаулығыңызға мəн беріңіз. Адамдар бейсаналы түрде денсаулығының мықты болғанын қаламайды. "Қалайша?!" Дерсіз. Жақсы.

Барлық адам денсаулығының мықты болғанын қаласа, оны сақтауға не кедергі?

Олар денсаулығын сақтаудан гөрі əдеттерін өзгертпеуді жөн көреді. Оларды емдеу мүмкін емес. Аурудың бас кезінде де, созылмалы болғанда да немесе алдын алу кезінде де оларды емдеу - пайдасыз. Себебі олар бұрынғы əдеттерін жалғастыра береді. Ауруды басу үшін дəрі іше бергенше, бір сəт оның негізіне, өзіне мəн беріңіз.

Жазылмайтын ауру жоқ, жазылмайтын əдет бар.

Мені осы сөздерді жазуға итермелеген кітапты оқығанда мына сөздерге жолықтым: "Оны керемет болашақ күтіп тұрды. Бірақ енді ешқандай болашақ жоқ. Ол өмірдегі ең басты құндылық - Денсаулықты жоғалтып алды." Өзім де солай ойлайтынмын. Бірақ мен сіздерге айтарым: "Ешқашан кеш емес".

Нағыз Денсаулық аурудың болмауы ғана емес. Ол - өмірлік күштің, энергияның тасып тұруы.

...