–4 дауыс
1.6k қаралым
Қозы Көрпеш, Баян сұлу деген кімдер? Қозыны Қодар өлтіріп тастаған соң, Баян да өзіне қол жұмсап өлді де, бір молаға кірді. Өзін-өзі өлтіріп, жаназасы шықпай, бір молаға жатқан адамды кімге үлгі қылып отырмыз?

4 жауап

+2 дауыс
Соғыс кезінде, жау қолына түспеу үшін өз өмірін саналы түрде қиған қыршын қазақтың жаназасын кім шығарыпты? Фашист пе?

Қолындағы жарылғышпен танкі астына құлап, қас дұшпанын өзімен ала кеткен қахармандар неге жастарға үлгі бола алмайды? Жанған ұшағын неміс фашистерінің танк колоннасына әдейі бұрған Нүркен Әбдіров күнәхар ма, сонда? Ұшқыш жерлесіміз сол сәтте парашюттен секіріп, қару кезеген жауымен ауыз жаласқанда нағыз мұсылман болып қалар ма еді, кім білсін? 37- 38 жылдардың зобалаңында талай қазақ зиялысы бастарын өлімге қиды. Бұлардың жаназасын да ешкім шығармаған болар? Қозы Көрпеш, Баян сұлу- халықтың рухани қазынасы. Оған тиым салуға ешкімнің құқы жоқ. Халық мұрасын таразыға қойсақ, сақалдың салмағы болмай қалады. Тырнақшамен де, тырнақшасыз да...
Түсініңіз бұл жерде мәселе жаназа емес өз-өзіне қол жұмсау,оны дәріптеу жөнінде.37-38 жылдардағы қазақ зиялылары аштықта,қақаған Сібірге айдалып,қанша қорлық көрседе Көрпеш секілді өзін-өзі өлтіріпті дегенін естімеппін.Имандарының беріктігі шығар Аллах білуші.
+2 дауыс
Недеген сын десеңізші!! (Әрине, бұл сіздің жеке пікіріңіз емес, белгілі бір баспасөз беттерінен алған үзінді болар деп ойлаймын. Сіз бұл пікірді жақтағаннан емес, осындағылардың талқысына салу үшін жарияладыңыз-ау деп те ойлап қоям). Түк таппағандай енді ұлттық мұрамызды, төл мәдениетімізді теріске шығару қалып еді. Жаназа... Бәрі сол жаназаға қарап тұр ма екен? Не болса соны дінге әкеліп тірегенді қояйықшы осы. (Иә, білем, "Жаназа қазақтікі емес деп кім айтты?" "Дастан ұлттық қазынамыз деп суицидті насихаттауға жол береміз бе?" дейтіндер табыла жатар). Әдебиет пен ақлақ... Оны таразылауға ешкімнің хақысы жоқ. Себебі әдебиетті ақ пен қара деп ажыратуға болмайды. Әдебиет әлемінде ақ пен қара тек бір болмыстың екі түрлі көрінісі ғана. Ол сонысымен де өнер, сонысымен де әдебиет. (Әңгіме тым созылып кетті ғой...) Қысқасы, менің айтпағым, тырнақ астынан кір іздегенді доғарып, өзге жұрттың Ромео мен Джульеттасын нағыз махаббаттың символы деп танитын жас ұрпаққа өз ұлтында солардан кем түспейтін әдеби кейіпкерлердің бар екенін таныту керек сияқты.
ДІН ДӘСТҮРДЕН ЖОҒАРЫ ЕМЕС!
0 дауыс

 Қозы Көрпеш - Баян Сұлу

http://online-multfilm.hol.es/kz/92-ozy-krpesh-bayan-slu.html

–3 дауыс
Басқа еркек таппағандай соның артынан өзін саналы түрде өлімге қию надандық.Аллахтан келген сынаққа шыдап,төзімділік танытудың орнына махаббаттың үлгісі қылып,ерік-жігердің әлсіздігін,имансыздықты насихаттау дұрыс емес.Бұныңызға келісемін.
Ол кезде қыз болмай басқаға тие салу өте позор болған. Сол үшін Баян сұлу қазіргі қыздарға үлгі боларлықтай әрекет жасаған болып тұр ғой.   Бірақ бұның бәрі аңыз,  Қыз жібек төлеш өлген соң Бекежанға тиіп кеткен ғой,  ал кинода оны суға кетіп өлді қыла салды, солай намысты қыз екенін көрсеткен.    Жақсы насихат негізі, оларды үлгі тұту керек қазіргі қыздар да.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...