+1 дауыс
1.1k көрілді

Ғалым, ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Бүгінде біз балаларымызды тәрбиелеуді басқаша іс-әрекеттермен көрсетіп жүрміз. Балаға түрлі шетелдің тілдеріне сайратып, түрлі музыка аспаптар мен құралдарды меңгертуді бала тарбиесі санап алдық. Сосын «Менің балам мынаны меңгерген, ананы істей алады» деп аузымыз көпіре мақтанамыз да жатамыз.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Балаға адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сөзбен, теориямен келмейді. Ол үлкендердің үлгісімен сіңеді. Біз қазір баламыз жылап жатса «Ой менің балам жыламайды, жылайтын ана пәленбайдың баласы ғой…»-деп баланы уату мақсатында балаға өтірікті, ел сыртынан ғайбат айтуды сіңіре бастаймыз. Баланың көзінше біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айту балаға теріс әсер етеді. Ал кей бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді де жұмыс істеп жатсақ жағаласа кетеді. Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Мұндай жағдайда керісінше, өзің жұмыс істеп жатқана баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оған берген тапсырмаңның аяғына дейін орындауын қадағалап, оның үйренуіне көмектескен орынды. Осылайша баланың еңбекке деген қызығушылығын, тиянақтылығын туғызып, істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт берген боласыз.

Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе дұрыс талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Сондықтан баламен балаша ойлап, жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ертекшеліктерін қадағалап, олармен сөйлескенде пікірімен санасып, дұрыс қарым-қатынас орната білу керек.

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. Ия, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау – бұл ТӘРБИЕ…

Сіз қалай ойлайсыз?

Тоқтар Жетпісбай

2 жауап

0 дауыс
Акыл напсиге багынса-сикыр,алдау,хитршылык(акылы шайтаннын азгырыгын менгеретин) болады,куш напсиге багынса-зулымдык болады.Акылды хитршылыкка,иги исти зулылымдыкка айналдыратын оз калауы.Оз калауы напсисине бейим адамга билим уйретсе,сол билимин хитршылыкка жумсайды,одан да онын билимсиз,алдай алмай жургени жаксы емес па.
0 дауыс
Адамның есейгенде қандай тұлға болатыны бала кезінде өскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты. Кішкентай бала болып жатқан оқиғаны сараптап. алмайды, егер балаға ата-ана үнемі зекіп, ұрысып сөйлесе, себепсіз ашу шақырса, бала барлық қателікті тек өзінен іздейді. Себебі жас бала үшін Құдай - ата-ана. Ал ата-ананың ашулануы мен өзіне қол көтеруінде жұмыста стресс алу, уақыты жетіспеу, бір-бірімен ұрысып қалу сияқты себептердің болуы мүмкін екенін бала білмейді. Бәрін өз кінәсі ретінде қабылдайды. Осылайша өзіне деген сенімі, өзінің махаббатқа лайық адам екеніне деген сенімі әлсірей береді. Ата-ана болу - бір адамның болмысын жасап шығару, яғни өте үлкен жауапкершілік.

Ұқсас сұрақтар

...