+1 дауыс
5.1k көрілді
Оның сайтына тіркелуге бола ма?
Әлде тек қана қатысатын тіркелу керек пе?
Жалпы жақсы ма? Нәтиже бола ма?
Сабақ кезінде уақытын өзгерте ме әлде белгілі бір уақыттары бар ма?
Сайтында көрсетілген кітаптарды шыныменде бере ме?
1 топта қанша адамнан?
Оку жане жатакхана акысы канша болады ,келген куннен бастап кабылдай бересиздер ма

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайты туралы білмедім. Жалпы оқу орны туралы өз ойымды айтып өтейін. Мен 2009-2010 оқу жылдары ҰБТ дайындалу үшін Атырау қаласындағы Достық білім орталығында оқыдым. Топта 15-20 шақты оқушы болды. Оқушыларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөліп оқытты. Маған ең қатты ұнағаны қазақ тілі мен математика болды. Әсіресе математикадан сабақ кестесінде жоқ күні келуімізді талап ететін, оған ақша да алмайтын. Мен үшін көп көмегі болды. Сабақ кестесі нақты қойылды. Сол кесте жыл соңына дейін ауытқыған жоқ, тек мұғалімдр ауырып қалғанда ғана ауытқу болды. Бұл ҰБТ дайындық еді. Жеке оқыту бар жоғын білмедім. Егер бір пәнді меңгеру үшін ғана болса жеке оқу пайдалы болар еді.
Негізі кітаптарды бізге тегін берген жоқ, тек тест кітапшалары ай сайын апта сайын өткізетін. Солар тегін.
Сәлеметсіз бе, көп-көп рақмет!!! Сіз ҰБТ-дан қанша балл алдыңыз? Сабақ оқып жүріп бұл орталыққа да барып дайындалған қиын болмады ма?
Негізі қиындау болатыны сөзсіз. Оның тапсырмасы бар, мектетің тапсырмасы бар. Мен басында 60 баллдан 113 балға көтерілдім.
+1 дауыс
Менің балам 2015-2016жж Атырау қаласындағы Достық білім беру орталығына барды. Балам жалпы жақсы оқитын еді, білім деңгейіне қарай, бірінші топта оқыды. Топта 12-13 оқушы. Математика және Логика пәндерін тереңдетіп оқытады. Қазақ тілі және ағылшын тілдері де жаман емес, бирақ керемет деп те айта алмаймын. Биыл қаламыздағы Н.Назарбаев атындағы мектеп пен ҚазақТүрік лицейіне емтихан тапсырдық. Оте жақсы көрсеткіштермен Алланын қалауы болар өттік. Біз КТЛ -ды таңдадық. Айтайын дегенім, Достық мектебінің мұғалімдеріне мың АЛҒЫС!!! Алла істеріне береке берсін! Басында білімі бар балаларға көп көмегі бар, білімді де аямай береді және тәртіпке де көп көңіл бөледі. Сабақтан тыс уақыттарда шақырып жатады, ол үшін ақы да сұраған емес. Ал, нашар оқитын балалар да барды, ата-аналары Достықты жамандайтындары да болды, бірақ бәрі балаға байланысты. Ол жерде өтірік уақыт өткізе алмайсың. Аптасына 3 күн, сағ 14*00 ден кешкі 18*00 ге дейін. Беріп отырған білімдері тікелей жоғарыда айтылған мектептердің талабына сай. Өз мектебіндегі сабақтарына кедергі келді деп айта алмаймын, көмегі тимесе...Логика мен математика тереңдетіліп оқытканнан шығар мумкін. Енді лицейде оқимыз Алла қаласа, саналы ұрпақ берсін баршамызға!!!
...