Кітап, Әдебиет | 475 қаралды
475 қаралды

Осы өлең жолдарына ұқса басқа қандай өлеңдер бар? Авторымен көрсетсеңіздер.

«Ұлтымды сүйем!» дей берер әркім тілменен,

Айтады оңай сүюдің шартын білмеген.

Шын сүйген адам Отанын, ұлтын, өз елін,

Нәпсіге еріп, өзі үшін өмірін сүрмеген.

 

Махаббат деген – жайқалған бақша мәуелі,

Сезімтал ғашық жүректің сазды әуені.

Ұлтыңды сүйсең, құлқынның аузын құлыптап,

Өзіңді түзе, ісіңді түзе әуелі.

 

Ұлтыңды сүйсең, басылмай жүрек ынтығы,

Жатпайсың шалқып, таппайсың дамыл күн-түні.

Арқа да жарқа, алаңсыз сүріп өмірді,

«Ұлтымды сүйем!» дегенің қандай күлкілі!

 

Шындықты білсең, жаңбырлап көзден жас парлар.

Жасырған арам пиғылын қанша қастар бар.

Ұлтыңды сенің жоюға жердің бетінен

Жасалып жатыр қаншама сұмдық жоспарлар!

 

Балаңа зорлап дәрігер егер екпесін.

Бұйырса бастық, ол байғұс қалай «жоқ!» десін…

Ойлаудан аман миыңды сақтап жүргенде,

Тұздай боп құрып тұқымың бір күн кетпесін.

Ұлтыңды сүйсең, сақта оны қауіп-қатерден.

Қорғауды оны шығарма әсте қаперден!

Жамандық жаппай ағылып жатыр жат елден,

Қалтафон, планшет, ноотбугтан өзің әперген…

 

Жастарға тәлім-тәрбие беру – ортақ іс!

Жұмыла, жұртым, жұмсауың керек сарқа күш!

Ұлтыңның қымбат құндылықтарын қорғауда,

Ар-намысты ойлап, арыстан болып арпалыс!

 

Ішіңді іреп жатқанда сыртқы саясат.

Қымызға бөгіп, мәз болма бекер май асап.

Тексеру керек жеп жатқан тамақ құрамын,

Болашақты ойлап, ұрпағымызды аясақ.

 

Ақшадан арзан бүгінде ұлттың тағдыры.

Сатылып жатыр айналаңда елдің барлығы.

Әркімнің қолы өзіне қарай бүкір боп,

Көре алар емес ат кекілінен арғыны.

 

Шыртиып қарны, шікірейген өңшең санасыз,

Өмірін әсте елестете алмас парасыз.

Ұлтыңды сүйсең, пара алма, берме, алғызба –

Сүрсін жұрт өмірін қайғысыз, қамсыз, наласыз!

 

Санасы қалың ұйқыда сенің ұлтыңның.

Былқ етер емес, келсе де бәле бұл күн мың.

Көзі ашық жатыр теледидарға телміріп,

Оятып, қане, алуға жылдам ұмтылғын!

 

Ортаяр көңіл жағдайын елдің ойға алса.

Опыр да топыр ойсыздар толған той қанша!

Ұлтыңды сүйсең, шайқасу керек болады

Ең соңғы қазақ арағын мүлдем қойғанша!

 

Қайғырып жаның жетім мен жесір халі үшін,

Тастайсың мынау тірліктің мәнсіз жарысын.

Қолжаулық болған қаракөз қарындастардың

Қорғауың керек абыройы менен намысын.

 

Қосуың керек жартының бәрін бүтін ғып.

Жалғыздық толы қоғам боп қанша ұтылдық.

Отыру саған болмайды ошақ қасында,

Отбасы бақытын сезінуі үшін бүкіл жұрт.

 

Кім ермес саған турасын жолдың ұсынсаң.

Қалауын жанның құрбан ғып ұлтың үшін шал!

Біреуге үгіт, біреуге көмек бер дағы

Көбейту үшін халқыңды барлық күшің сал!

 

Татулық деген таусылмас бақ қой тірлікте.

Сұрланып өңің, санаңда суық сыр бүкпе.

Ұлтыңды сүйсең, ұртыңды бекер бұртитпай,

Бұртыңды қой да, жұртыңды шақыр бірлікке!

Ұлтыңды сүйсең…

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Онға бірді қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
118,378 сұрақ
305,265 жауап
153,296 пікір
67,626 қолданушы