0 дауыс
6.7k көрілді
Исламда қорықтық құйғызуға болама. Аллаға серік қосу емеспа? Билсеңіздер нақты жауап беріңіздерші.

2 жауап

+1 дауыс
Дінімізде пайғамбарымыздан бері келе жатқан және Ислам ғұламаларының хабар берген тәсілдерімен емделу бар нәрсе. Хадис шәрифтерде және әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында «мына дұға, мына ауруға шипа болады» немесе «мына аят мынандай сырқатқа ем болады» деп көрсеткен дұғаларынан емделу мақсатында пайдалану өте дұрыс амал. Осындай жолмен емдейтін аузы дұғалы, тақуа кісілерге де барған жақсы болады. Олар кейде шипа аяттарын жазып (тұмар қылып) алып жүруіңізді, суға салып суын ішуіңізді, сол суымен шомылуыңызды немесе әлгі аят-дұғаларды оқып өз үстіңізге үрлеуіңізді бұйырады. Көп жағдайларда өзі оқып науқасқа үрлейді. Бұған дем салу дейді және ешбірі дінімізге қайшы емес. Дінімізде "емшілерге, тәуіптерге баруға болмайды" делінбеген, "палшыға баруға болмайды" делінген. Ешқандай палшылық және сиқыршылық араластырылмай тек пайдалы шөптерден дәрі жасап (шығыс медицинасымен) емдейтін тәуіптерге және емшілерге баруға болады. Қазіргі таңдағы емшілердің, тәуіптердің басым бөлігі палшылық аралас ем жасайды. Бәлкім соған байланысты тәуіпке, емшіге бармаңдар деген сөз шыққан болар. Нәтижеде палышылықпен айналыспайтын емшілерге барып емделуге болады. Немесе осындай емшілікпен айналысатын молдаға баруға болады...
0 дауыс
Мысалы,шамды жарыктандыру ушин илип коясын пайдасын билип,куйип кетсе алып тастайсын пайдасыз екенин билип,ал пайдасыз екенин билип пайдалы деп сену,исламда сеним(таухид) оте манызды.Пайгамбарлардын(а.с.) айткандары хак,галымдардын айткандары болжам.Пайгамбарымыз(а.с.) айтса ол-суннет,галымдар айтса сикыр(уакытша пайда) немесе пайдалы болуы мумкин,себеби кейбир галымдар дуниеден хабары болса да ахиреттен хабарсыз болуы мумкин.Биз толык билмеймиз,толык билушинин амирине багынуымыз керек.Тек тикелей орындаушы-Алла,барлыгымыз себеппен(Аллахтын жарылкауымен) орындаймыз,дуниенин заны да,мугжиза да Аллахтын калауымен болады.Алла бизге куш пен ерик берди,сол кушпен жаксы немесе жаман ис жасап жатырмыз,ол куш озимиздики болмагандиктан сураламыз(кайтарыламыз-олемиз),зекет парыз,куш болмаса не истей аламыз.Алла кайтарылмайды Ол еш нарсеге мухтаж емес.Аллахтын ар-бир ныгмети кол жетимсиз,Алла женилдетти.Жерден керек материалдар шыкпаса адам не истей алады.
...