Сіз меңзеп отырған ақыл деген ұғым нақты нені білдіреді? Тек IQ, ойлау қабілеті дегендерді ескеретін болсақ жануарларда ол бар. Бірақ олар саналы қадам жасамайды. Жануарлардың топ болып тіршілік етуі эволюцияның нәтижесі. Бастапқыда еркектері ұрғашыларын баласымен қосып тастап кеткен, яғни оларды қорғауға деген жауапкершілікті сезінбеген. Бірақ ондай түрлер біртіндеп жер бетінен жойылып, ұрпағын қорғайтын түрлердің тіршілік етуге қабілеті арта түскен, яғни сақталып қалған. Жануарлар біз бақылаған кезде бәрін біліп істеп, саналы түрде әрекет жасап, моральдық құндылықтарды сақтайтындай көрінгенімен мұның бәрі бар болғаны ұзақ уақытқа созылған тәжірибелердің жинағы, гендік ақпарат қана. Ақлақтық құндылықтардың жоқ емес, бірақ өте төмен деңгейде екені дәлелденген. Алла жаратқан Адам атты ғажайып жаратылысты нәпсісін тыя алмаған азшылықтың (мүмкін, көпшілік шығар) қылығына бола жануардан төмен сатыға қоюға бола ма, біле алмадым. Сосын... сіз адам мен жануардың ақылын тек жыныстық қатынас, нәпсі тұрғысынан ғана қарап отырсыз,бұл тіршілік иесінің ақылын, сананың даму деңгейін анықтайтын негізгі фактор бола алады деп ойламаймын.
Бірақ... адамның азғындап бара жатқаны жасырын емес. Жануарлардың кейбірі жұптар арасындағы адалдықты жоғары бағалайды, өз тобындағы жолдасын қорғауды, сатып кетпеуді біледі. Ал адамдар неге кері кетіп барады? Меніңше, бәрі эволюцияға келіп тіреледі. Ал өркениет бар жерде эволюция, өздігінен сұрыпталу жүзеге аспайды. Өркениет кімді болсын қорғап қалады...