0 дауыс
1.5k көрілді
Мен 7- сынып оқушысымын. Біздің сыныпта әр апта сайын сынып сағаты өтеді, онда сыныптағы қыздар неше түрлі сайыстар ұйымдастырып әкеледі. Көбіне ұлдарды қатыстырмайды, апай маған ұлдар қатысатын сайыс ұйымдастыр деді, жігіт сұлтанынан басқа қандай сайыс ұйымдастырсам болады, қызығырақ.

1 жауап

+1 дауыс
  1. Ғажайыптар алаңы. "Поле Чудес" атты ресейлік ойынның қазақша нұсқасы. Өте қызықты да тартысты  өтеді.
  2. Адамды ойландыратын және миды шынықтыратын тренингтер. Өте көп нәрсені үйретеді, қызықты болмақ.
  3. Рөлдік ойындар. Қағазға қарап отырып, бір пьесаны қою (дайындықсыз). Ашыла түсесіздер.
  4. Топтық жарыстар. Кез келген тақырыпты ала отырып осы бойынша жарысасыздар. Түсініктірек болу үшін мысал. Екі топтың жетекшісі ортаға шығып параллель тұрады. Олар валютаның атын айтып алға бір қадам жылжиды. 1 валюта - 1 қадам, кезекпе кезек айту керек, және басқалар көмектеспеуі тиіс. 
  5. "Көшбасшы" секілді зияткерлік сайыстар. Күнделікті өмірде көріп жүрген заттарды сұрақ есебінде қою - адамдардың зейінін арттырудың ең тиімді жолы.
  6. "Свечка". Әр адам басқалар жайлы, сол орта жайлы өз ойын айтады.Ешкімге күлуге болмайды және міндетті түрде сөз беріп, оның ойын білу керек. Ашылып, достарыңның жаңа қырын тану - керек нәрсе.

Айта кетерім көп еді, бірақ сенде реквизиттер қандай екенін білмей тұрмын. "Мафия" бар, "Алған мен Қалған хан", "Хан - Тапқыр" бар жәй отырып ойнайтын ойындарға.

"Жігіт сұлтаны" мен "Қыз сыны" дегендердің дәурені өткен, қазір ол онша қызықтыра қоймайды.

...