0 дауыс
1.4k көрілді
Нұрлан Оразалин қайта туған ғасырым деп қай биді айтты?

1 жауап

0 дауыс

Шешендік сөздер суырып салма ақындықпен туыстас.

- «Суырыпсалма» дегенді қалай түсінеміз?                      

Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.

Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері, әр елдің, әр ауылдың өз тыңдар ақсақалы болған. Мұндай халық өкілі қазақтан басқа халықта болмаған. Олар қазіргі соттың, прокурордың, әкімнің қызметін бір өзі атқарған. Демек би-шешендер тек қана қазақ халқына тән құбылыс.      

Қазір Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін тыңдайық.

Ойдың қозғап жасынын

Қайта туған ғасырым.

Төле би мен Қазыбек.

Әйтеке би асылым.

Айбын болған еліме.

Айдын болған көліме.

Айналайын үш биім,

Пана болған жеріме.

Елдік туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған.

Қалың қазақ пір тұтар

Қасиетті үш бабам.

- Өлеңде кімдер туралы айтылған?

Билер туралы бірінші сыныптан білетінімізді еске түсіріп, қосымша мәлімет жинап келу оқушыларға тапсырылған болатын. Енді сол оқушыларды тыңдайық.

- Төле би қандай адам болған?

- Қазыбек би қандай кісі болған?

- Әйтеке би қандай болған?

- Әйтеке би шешен, тапқыр, әділ адам болған.

Қазақтың бұл үш биі – халық қамын ойлаған адамдар болған.

...