0 дауыс
2.6k көрілді

Барлық ата-ана өзінің баласын жақсы көреді ма?

ата-ана ұрыс бала

4 жауап

+1 дауыс
Бәрі жақсы көреді. Бірақ махаббатын әр түрлі жолдармен жеткізеді.Таныстардың ата-анасы сияқты қымбат сыйлық әпермесе де, телехикаядағыдай қасымызда отырып ересектерше сыр бөліспесе де, арманымызды түсініп, соған жету жолында қолдау көрсетпесе де, "айналайындап" жылы сөзбен, мейірлі көзбен қарамаса да... Барлық ата-ана балаларын жақсы көретініне еш шүбәланбаймын. Жаңалықтарда қаптап кеткен балаларын таяқтың астына алатын, нәрестесін қоқысқа тастап кететін жекелеген жат қылықтардың ата-ананың балаға деген махаббаты жайлы ұғымға дақ түсірмеуі керек деп ойлаймын.
0 дауыс
Барлығы да жақсы көрер еді егер түсінсе, яғни жақсы көрмейтін ата ана жоқ
0 дауыс
Әрине жақсы көреді,балаларын жаман көретін ата-ана болмаса керек...
0 дауыс
Баласыз өмірдің мәні бос. Ана ретінде айтайын, тоғыз ай құрсағында көтеріп, қызықты қылықтарын көріп тоймай өсірген баласын қалай жақсы көрмесін
...