0 дауыс
11.5k көрілді
"Жанұя-қорғаным, ата-ана тірегім" ,тақырыбында тәрбие сағатының әдістемелік нұсқасы немесе рефераттар бар болса, жіберулеріңізді сұраймын достар!
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ қоюшы ЖЖ таңдағаны себепті жабылды.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Жанұя- қорғаным, ата-ана –тірегім» ( отбасылық сайыс)


Мақсаты : Ата- ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі : интерактивті тақта.Барысы :
Құрметті ұстаздар! Оқушылар және қонақтар! « Жанұя- қорғаным, ата- ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады.
Тәрбие басы- отбасынан. Отбасы өзінше кішкентай тәуелсіз мемлекет. Жанұя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің.
Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұя таңдап алдық.Себебі, олар өзіміздің ұстаздар, әрі ата-ана, әрі әріптесіміз.
Сайысымыз 9 турдан тұрады.
I тур. Таныстыру.
II тур. Кім тапқыр?
IIIтур. Мақал-мәтел аукционы.
IY тур. Анамның қолы. (ойын)
Y тур. Уа- Уа ( баласын дауысынан табу)
YI тур. Сазды конкурс.
YI тур. Пед.жағдаят.
YIII тур. Шаңырақ.
IХ тур. Кроссворд.
Қорытынды. Осымен сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Марапаттау. Сөз кезегі гимназия директоры Шарафадин Алтынбайға беріледі.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар , қонақтар! «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы- отбасы» деп материалист- философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы – отбасынан. Отбасы, жанұя- кішкентай мемлекет. Жанүя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұяны алдық. Олар барлығы өзіміздің ұстаздар, ата- аналар, әріптестер. Бөтен ата- аналарды қатыстыруға болар еді, бірақ суда жақынына ағады. Себебі, ата-ана, ұстаз, бала – үш таған, үш одақ, бір-бірімен тығыз байланыста болады.
1 жанұя. « Сымбат» тобы. Сәуле апай, немересі Қарлығаш.
Асыл әже, ардақты ана, құрметті ұстаз, асыл жар.
2 жанұя. « Бірлік» тобы. Жеңіскүл апай , ұлдары Уәлихан, Алихан, қызы Ақтілек.
Адал жар, қымбатты ана, жақсы ұстаз.
3 жанұя. « Шаттық» тобы. Алма апай, бауыры Ырыскелді.
Асыл әже, ардақты ана, асыл жар, тәжірибелі ұстаз.
4 жанұя. « Намыс» Миуа, ұлы Арғын.
Жас отбасы, асыл ана.
Осы қатысушылардың бәріде бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке, бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар. Қошемет көрсетейік.
Сайысымыз 9 турдан тұрады.
Әр мемлекетте өз ұраны болады. Жанұя да шағын мемлекет,сондықтан да « Жанұя ұранын» орындайық.
«Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,
Жанұядан барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!
Жанұям, үстем болсын мерейің,
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!
I тур. Таныстыру. ( Жанүя- менің мақтанышым) Жанұя туралы кішкене мағлұмат беріп, таныстыру.
II тур. Кім тапқыр ? «Туысқан » сөзінен сөз туындату
III тур.Мақал- мәтел аукционы. Мақалды аяқтау.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Күннің шуағы жылы- ананың құшағы жылы.
IY тур. Анамның қолы ( ойын).
Көзі байлаулы бала анасын қолынан сипап табу.
Y тур. Уа-Уа .Баласын дауысынан ажырату.( ойын).
Бұл жерде керісінше аналары көздерін байлап, балдарын дауыстарынан ажыратып табу керек.
YI тур. Сазды конкурс. Әр өлеңге кішкене сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу немесе айтып беру.
1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен танысады. ( Қошақан)
2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Әрқашан анасының аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн әлемі)
3. Сабаққа немесе пәнге байланысты ән. Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін мың құбылтып тамашалағанда ауыл еске түседі.(сурет сабағы).
4. Бұл- бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі . Мұны қолдан ұшырғанда бүкіл әлемдегі халықты достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. ( Ақ ккөгершін)
YII тур. Педагогикалық жағдаят. Сұрақтарға жауап беру. Бұл жерде баға қойылмайды.
1. Баланы ұрған дұрыс па ?
2. Балаңыз сабақтан қайтқанда қалай қарсы аласыз?
3. Балаңыздың айтқаның әрдайым орындайсыз ба?
YIII тур. Шаңырақ. ( үй салу). Түрлі- түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй салу.
I Х тур. Кроссворд .1. Үлкен ана.
2. Қадірлі жан.
3. Жігіттің үш жұртының бірі.
4. Шаңырақ иесі.
5. Жанұя ( орысша)Қорытынды.
Марапаттау.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
8 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 27.04.2020 Жанұя сұрақ қойды
...