+14 дауыс
1.6k көрілді
Сізді таныс жігіт жар қылып алды. Ол 5-6 жылдан кейін қазақтын санын көбейтемін деп тоқалдыққа 2-3  әйел алатын болса, соны сіз қазір болашақта сондай болатынын  біліп тұрсаңыз ол кісіге тұмысқа шығатын ба едіңіз? Ол ер жігітте ешқандай мін жоқ! Барлық жағдайды жасаса! Тек шындықты айтсаңыз қыздар қауымы!

21 жауап

+17 дауыс
 
Жақсы жауап
Ой, мен дәл осыны түсімде көргем...Күйеуім бір қызды ертіп келіпті, тоқалдыққа алады -мыс, ішінде баласы бар... Мен бәрібір басымдықтың менде екенін сезініп жатыр екем, бірақ сонда да жүрегім қан жылап тұр... Түсімде осыны басымнан кештім....Сондықтан да мұның қаншалықты оңай еместігін түсінгендеймін...Барлық жағдайды жасаса дейсіз.... Саған сыйлар жан жылуы мен махаббатын өзге біреулермен бөліске салды дегені - мен үшін бар жағдайды жасай алмады деген сөз!
+13 дауыс
Егер ер кісілер екі жарына да бірдей қарайтын болса неге келіспеске?! Қазіргі біздің заманда ондай (барлық жарына бірдей көзқараспен қарайтын) адамды табу неғайбыл!
кудай сактасын ондайдан, ешкиммен болиспес едим басымнан аягыма дейн алтын куйып койсада.
+11 дауыс
Егер есім кете ғашық болсам келісемін,бірақ ішім қыж қыж қайнап,көзім жылтырап,елдерге аянышты жымиып жүруге тура келеді.
+8 дауыс
ЖОҚ!!! Ешқашан келіспесем!Чем иметь мужа с 2-3 женами, лучше вообще без мужа жить!
Сайт қазақша болған соң, бәрін қазақша жазсақ дұрыс болатын шығар. Осы орыс тілінен көретін болдық қой көресіні, кірмейтін қуыс тесігі жоқ!!!
Әрине, дұрыс қой айтып отырганыңыз. Дегенмен, аталарымыз айтқандай "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер" (қате бар болса, кешірім өтінем). Өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, басқа ешкім де құметтемейді. Орысша жазу "удобно" болса, орыстың сайттары толып жатыр емес пе?
Сайттар коп , билемин. Дурыс айтасыз курметтеу керек, мен казак тилин курметтемеймин деген жокпын, жай кишкентайымнан орыс тилин окыгандыктан, кейбир создерди биле бермеймин, ренжимениз.
Жоқ, ренжімеймін. Алдағы уақытта осы қателігіңізді түзетіге тырысады деп үміттенемін.
+10 дауыс
Келіспеймін,бұл мен үшін өте маңызды.

Ал,келісімін берген қыздарды түсінбеймін.
+11 дауыс
Жоқ, ешқашанда! Ол жасаған жағдайды өзіме өзім де жасай аламын!
+11 дауыс
шариғат бойынша 4 айелге де рұқсат қой бірақ бұл өте қиын
2-3-4 алу құранда барекен деп ала берген дұрыс емес алдымен шамаңа қара екі жаққа бірдей қарай білу керек бұл 4 әйел алу байлар алса болады сіңірі шыққан қу кедей 1 ептеп алсын байлар дүнисін бар ысырап етіп некесіз біреумен болмауы үшін шамасына қарай 2,3,4 алуға рұқсат берген шариғатта ол жезөкшеліктің тоқтауына себеп болады.
+11 дауыс
Жоқ, әзірге оны ойлануға ерте. Бірақ, ешқашан келіспес едім.
+12 дауыс
Сүйсе, тек жалғыз мені сүйсін. Жүрегінің төрінен екі жан орын алса да, біреуіне бүйрегі бұрып тұрады. Мен келіспеймін. Сезімін өзге біреумен бөліспесін.
+12 дауыс
Айта көрмеңіз!!!! Ешқашан да! ЕШҚАШАН!!!!!
+9 дауыс
Менде мүлдем келіспеймін! Озіңнің сүйген жарын кім басқамен бөліскісі келеді дейсіз! Ондай отбасылардын сырты бүтін, іші түтін болатынына 100 пайыз сенімдімін! Пікірімді кеш жазганыма ренжімеңіздер!!!
+7 дауыс
Дін бойынша тақуалықтың белгісі келісім беру.Келісімімді беремін!Бірақ ондай жағдайға келтірмеуге тырысар едім!Бәрібірде қызғаныш сезімі бар ғой,өз күйеуіңді басқамен бөлісу.Кітаптан да оқығанда байқайсың ғой,бәйбіше мен тоқал жақсы тату тұрмайды ғой.Дін бойынша да Айша анамыз қатты қызғанған пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у) ды. Бір жаққа барарда да жеребе тастап қай әйелімен бірге баратынын шешкен.
+2 дауыс
сол қызыңмен бірге кұры дим 10 жерден мінсіз болмақ түгілі керім болсада.Қазіргі заманда еркек пен әйелдер тең.Сондыктан (hi) осылай дим.Күйеуімді ешкіммен бөліскім келмейді,ол еш қызға ұнайды деп ойламайм.
+6 дауыс
Біріншіден, байлық - бақыт емес, екіншіден, қайдағы күйген-сүйген? Махаббат дегенің бір бала туғанға дейін емес пе? Шынында осы уақытқа дейін "жаным, күнім" деп бір-бірін көтермелеп, махаббаты мәңгі болып жүрген үлкендерді көрмедік. Үйленбей жатып шарт қойса,ойбой не бетімді айтайын? сонда оның маған деген махаббаты қайсы?
Ондай адамдар 1-ақ. Ол 1001 түн сериалындағы Бурхан мырза мен Нәдиде ханым
оу, осы түрік сериалын көрмейтін қазақ бара ма?
+4 дауыс
Қазір ешбір жігітболашақта 2-3 әйел аламын деп айтпайды ғой. Екінші әйел аламын деп үйленгеннен кейін айтуы мүмкін. егер менің күйеуім маған үйленгеннен кейін екінші әйел аламын деп келіп тұрса. келісер едім.
...