0 дауыс
6.6k көрілді
Біраздан бері 5000теңгемді өткізе алмай жүрмін. Жартысына дейін жыртылып, оны скечтап қойған екен. Байқамай ала салыппын. Енді автобусқа берсем алмайды, дүкенде де алмайды. Құдды бір мен жыртып қойғандай. Тек 5мың емес , кейде қолыма аз ғана жыртығы бар, 200,500,1000т түсіп қалады. Не істесе болады осындай жыртылған , бүлінген, ескі ақшалар қолыңа түсіп, оны ешкім алмай қалған жағдайда?

4 жауап

0 дауыс
Банктер алады бірақ белгілі бір пайызын алып қалады !!!!
ешқандай процент алмайды. 5000 берсең 5000 аласың.
+1 дауыс

Кез келген банкке барасың, ауыстырып беруін өтінесің.

Олар ауыстырып беруге міндетті.

Мемлекет жыл сайын жарамсыз купюраларды есептеп, белгілі шамаға жеткенде жаңасын шығарады.

+2 дауыс
Негізінен заң бойынша кез-келген дүкен, кез-келген қызмет көрсетушілер ондай ақшаларды алуға міндетті, тиісті орындарға хабарласаңыз оларға айыппұл салады
0 дауыс
Скотчпен жайлап жапсырасың
Терминалға барып салып жібересің
Профит
...