+1 дауыс
645 көрілді
Ақшаны жақсы көрмейтiн адам жоқ шығар мына заманда. Бiрақ сол ақшаны жанынан артық коретiн адамдар да табылады ортамызда. Қалай ойлайсыздар олар кiмдер? Қандай адамдар ақшаны жанынан артық жақсы коредi?
Жауаптарыңыз ұнады рахмет барлықтарыңызға. -1 дегендi мен қоймадым . Мына бiр анекдот есiме тусiп , сол ушiн койдым сурақты.
   Сараң, дуниеқор адамның жубайы омiрден отiптi. Ол газет редакциясына  телефон шалып ең арзан  турде хабарландыру бермек болады. "Не деп жазайык?"  деп сурағанда былай деп жауап бередi: "Қалипашымнан айрылдым.Қайгыдамын".
 Хабарландыру болiмiнiң меңгерушiсi : " Қаласаңыз  6 созге дейiн созуга болады. Бiзде ең қысқа хабарландыру 6 созден турады. Тагы 3 соз қосып жазуга ақыңыз бар"-дейдi. Cараң адам:- Сол ақшага ма? Тагы 3 созге ақша алмайсындар ма?  
- Ия, сол ақшага.
Муны естiген сараң хабарландыруына мына 3 создi қосып жазгызыпты: - Сатылатын тойота бар!
Анегдотың жақсы екен ))

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақша үшін жанын беруге дайын адамдар . бірақ ол адамдардың өзі жанмен өмір қатар келгенде өмірді таңдайды деп ойлаймын .
+2 дауыс
Әбден байып, көздерін шел басып,ақшадан басқаны ойламаайтын Алланы ұмытқан адамдар ғой) Байыған адамның бәрі емес) Арасында ондайлар көп қой))
+3 дауыс

Ақшаны жақсы көрмеймін, керек емес деген мағына емес, бірақ ақша қолдың кірі, байлық уақытша, алдамшы. Мен тап осылай ойлаймын. Бүгін бармыз ертең жоқ. Алла біледі қашанға дейін ақшаның желімен бөсіп жүретінімізді. Қазір кедей бай болсам бай құдай болсам деген заман емеспе. Ақшаға бәрін сатып алуға болады деп ойлайды. Қай жерге барсаңда пара алады. Адам байыған сайын байығысы келеді. Жоғарыдағылардан бастап парақор, дүниеқоңыз болғанына не дейсіз. Кейбіреулері ақшаны жанынан артық жақсы көретіндіктері сонша өз халқын тонап шет елге қашады. Сондайларды қу тақыр қылып, бір тиынынана дейін қалдырмай тартып алып, ақшаны өз иесіне ұрыны көмусіз қалдыру керек. Біреу тойып секіреді біреу тоңып секіреді. Алтын көрсе періште жолдан таяды демекші, өз арамызданда ақшаны барлығынан артық жақсы көретіндер табылмасыншы деп тілейік. Тойып секіретіндер тоңып секіретіндерге қайрайласу керек.

 

+2 дауыс
Адам ақшаға емес, ақша адамға қызмет жасауы керек. Бірақ, қазір көпшілік адамдардың есіл-дерттері ақша болып кетті. Ақшаны жанынан артық көретіндер - жастайынан ақша ұстап көрмегендер, аяқ астынан байығандар, бала кезінде жоқшылық көргендер, финансистер мен биржа брокерлері.
+3 дауыс

Ақша заңын бұзбайды ғапылдыққа.
Қайыр, мейір не нәрсе? Жақындық па?
Ақша ессізді жұмсайды қатулыққа,
Қанжоса қып қанжар сап татулыққа.

Демек, ессіздер ақшаны жанынан жақсы көреді :)

+2 дауыс
Мен сондай адамдарды түсіне алмаймын. Теледидарлардан көріп жатамыз ақша үшін адам өлтіру, ақша үшін адамгершілікті ұмыту жағдайларын. Тек Алла сондай адамдардан сақтасын!

«Ғибадат он бөліктен тұрады. Оның тоғыз бөлігі еңбек етіп халал жолмен табыс табу.» (Дәйләми)

Ақша керек емес демеймін. Бірақ соны адал еңбекпен табайық. Ал ақша үшін жаны қалмайтын жандарға біз емес, Алла Тағаланың өзі жазасын берер деп ойлаймын.
+2 дауыс
Ақшаға әбден құнығып алған ашкөз, дүниеқоңыз адамдар жақсы көреді.
Иә жақсы жауап
0 дауыс
Ақшаны қазір жанынан артық көртеін адамдар көп
0 дауыс
Бойында жаны бар адам баласының бәр ақшаны ұнатады өйткені ол қажеттілік!
0 дауыс
Әрине бәрі!!!!!!!!!!!!!!!"
...