Нұрсұлтан Назарбаев кеткен соң, одан кейін басқа ұлттың адамы президент бола ала ма?

0 дауыс
589 қаралым
Нұрсұлтан Назарбаев кеткен соң, одан кейін басқа ұлттың адамы президент бола ала ма?
• Санаты: Саясат туралы

2 жауап

+1 дауыс
ҚР Конституциясы бойынша әрине Президенттікке кандидат бола алады

(41 бабы 2 тармағы:

2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
+1 дауыс
Славян халықтары арасынан қазақ тілін еркін меңгерген президенттікке үміткер белгілі тұлға әзірге көрінбейді. Себебі, еліміздегі мемлекеттік тілдің мемлекет басқару ісінде қолданылуы төмен болғандықтан, олар қазақ тіліне атүсті қараумен келеді. Бірақ, еліміздегі өзге ұлт өкілдері арасында таза қазақша сөйлей-жаза білетін белсенді тұлғалар бар. Ондай танымал тұлғалар президент болуға, егер азаматтық құқы Конституциялық нормаларға сай келсе, ешқандай кедергісіз үміткер болуға құқы бар. Ескерте кету керек, "менмлекеттік тіл" мыңдаған қазақ ұлты өкілдері үшін де алынбас қамал болып тұр. Сондықтан, олар да конституциялық заң бойынша президенттік орынға таласа алмайды. Бұл жерде олардың "өз құқықтарын өздері шектеп отырғанын" атап айта кету керек.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
6 жауап
127,799 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,832 қолданушы