+2 дауыс
1.3k көрілді

Кішкентай баладан бастап, үлкен жас жігітке дейін президент болғысы келеді. Жалпы президент болу оңай ма?

6 жауап

+2 дауыс
Президент болу оңай жұмыс емес!
0 дауыс

Ей, досым-ей...

Осы жұрт президенттік қызметті рахат жұмыс деп ойлайды-ау деймін. Таласпақ түгілі, тегін берсе қызығатын нәрсе емес екенін қайдан білсін-ай. Елбасымыз сол орында таққұмарлықтан, сол президенттікті өзгеге қимағандықтан отырған жоқ. Баяғыда енді-енді машина айдап үйрене бастағанда әкелеріміз бізге бермеуші еді ғой, сол қу темірді. Біз сол үшін әкелерімізді жек көретінбіз. Қызғанады деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, әкелеріміз қызғанбайды екен. Уайымдайды екен ғой. «Соғып алар, аударып алар, соншама жылғы еңбекпен келген дүниені түкке жарамсыз етіп алар» деп қорыққан екен ғой. Сенбеген екен ғой. Сол сияқты мемлекетіңіз де бір машина емес пе? Және өте қымбат машина. Бугатти Вейроннан да қымбат машина. Енді соны папамыздың уайымдайтын жөні бар ма? Бар. Иманғалиды да бала сынатын болуы керек. «Әй, осы бала кіші жүз еді, сол мінезіне, қызуқандылыққа салып, жылдамдықты шектен тыс асырып жіберіп, рөлге ие бола алмай қалар ма екен», деп қорқады-ау... Әйтпесе, «мәлә ғой, айдай ғой» демей ма? Әлі де үйренсін дейтін болса керек. Сонымен әңгіменің негізіне оралайық, досым. Тамақ алып отсайшы. Иә, президенттік қызмет адам қызығарлық қызмет емес. Ал, елестетіп көрейікші. Өзіміздің емес, ваще басқа бір президентті елестет. Өйткені бәрінікі бір өмір ғой. Ал, елестетейік.

Айтшы ал, не өмір мынау? Не ол өзіңнің үйіңде өзіңнен бөлек кем дегенде отыз-қырық бөтен адам жүреді. Және күн сайын. Ең жаманы оларға «не қып жүрсің, бала-шағаң жоқ па, қайтсай үйіңе» деп айта алмайсың. Өйткені әрқайсысының өзінің қызметі бар. Бес-он адам сені күзетіп жүреді. Кімнен, неден, не үшін күзетіп жүргенін өздері білмейді. Жатын бөлмесінің есігінің алдында біреудің қақшиып тұрғаны президенттің жүйкесіне тимейді деймісің. Тиеді. Анда-санда әйеліне емірене кеткісі келсе де қиын-ау... Қарыс жерде қас қақпай біреудің тұрғанын біліп тұрып қалай ол... дейм да. Әйеліне де оңай емес-ау. Кейде бір жерде бір адамдық туалетке кірсең, артыңда біреу кезек күтіп тұрса, берекең кетіп қалады ғой. Ал оны әрқашан бір адам бағып тұрады. Алда-жалда іші жүрсе тіпті қиын ғой. Қанша қызметші, жалшы дегенмен ол да адам. Бірер сәтте бірнеше рет баруға ұялмайды деймісің. Ұялады. 
Және уақытылы ұйықтауға міндеттісің. Сағат 11 болды ма, болды, жатуға тиіссің. Ютюб қарап, немесе бастап қойған сериялдың, тағы бір сериясын көре салайыншы деп түңгі екіге дейін отыра беру деген жоқ. Таңда сегізде тұруға міндетті болсаң, тұрасың. Біз құсап кішкене жата тұрайыншы деп, көрпені бүркеніп алып, бір аунап түсіп, әріқарай ұйықтай беру бақыты оларға бұйырмаған ғой. Ұйқының сол бір тәтті дәмін сезіну қайда оларға. Тұрасың. Тұрған бетті бүтін бір мемлекеттің тағдыры саған байланысты екені есіңе түседі. Жәмән жауапкершілік қой. Ал, содан кейін-ақ мойныңа жүк артылады. Басқа ауруымен, сұрап алған аурумен ауырып жатып, жұмысыңа ызбандап басқа аурудың атын айтып қала салу деген жоқ қой оларда.

Содан кейін таңғы тамақ. Әйелің түннен қалған тамақты жылытып беріп, жаныңда отырса қандай күшті ә. Оларға ондай бақты кім беріпті, Құдай-ау. Таңғы сағат бестен бері қыбырлап, жыбырлаған аспаздың дайындаған тамағын рет-ретімен жейсің. Дастарханда тұрған бес нәрсенің бесеуінен де жеуге тиіссің. Біз құсап «түк әпитетім болмай тұр» деп су іше салып тайып тұру деген атымен жоқ. Не сорым ия, досым. Тамақтан ал. Ол мына сен құсап түннің бір уағында жетіп келе алмайды ғой. Және оған да ешкім жетіп келе алмайды. Көрдің бе, олар жетіскенінен жүр ғой дейсің бе? Айтшы, досымсың ғой, не өмір ол? Тамағыңды ішіп болғасын иу-қиуы бітпей жау шапқандай жүретін жеті-сегіз көлікпен жұмысқа шығасың. Өз еліңде, өз жеріңде, өзіңді «өле сүйетін» қоғамыңда, өз-өзіңнен шошып кетіп бара жатасың. Сені жеті-сегіз көлікпен жиырма-отыз адам қорғап бара жатады. Тозақ қой, өмір емес. Сен елім, жерім деп жүрсең, сені сол еліңде, жеріңде атқысы келетін адам бар екен. Не өмір ол? Ваще адамгершілікке жатпайды ғой. Жәрайды ешкім атпайды дейік. Атпаса да атып кетеді-ау деп қорқудың өзі одан да жаман ғой. Үреймен өткен өмір де өмір ме? Ал, біз қорықпаймыз. Бізді ешкім атпайды да, сатпайды да, Құдай сақтасын. Күшті емес пе? Қазір мен сені мектепке дейін шығарып саламын. Сен өзің әріқарай кете бересің. Саған ешкім тиіспейді. Түннің бір уағында өзің жалғыз көшенің бойымен кете бересің. Алдыңнан біреу шығып темекі сұрайды. Бересің. Онысы аздай тұтатып алайыншы дейді. Тұтатып бересің. Күшті емес пе иә. Таңертең тұрып, көшеге шығып, жұмысына асығып бара жатқан адамдарға қарап тұра алмайды ғой олар. Аяймын-ей, досым.

Және әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуға міндеттісің. Сәмөлетте ұшып келе жатып, виски ішіп алып, стюардессаға «қазақша сөйле-ей» деп тиісе алмағасын өйткен президенттігіңнің не керегі бар ия. Көп сөйлеп кеткен жоқпын ба? Өзің ғой көптен бері келмей кеттің. Шәй суып қалған жоқ па? Қазір газға қойып ысытып жіберейін. Өзің ойлашы досым, қол-аяғың бүтін бола тұра бір уақ газға шай қойып іші алмасаң салаңдатып ол пәлені не істейсің иә. Ең жаманы деймін да, ана күшті-күшті машинадардан не пайда? Ана геленвагенді, ана S класс мерседесті бір уақ өзің айдамағасын не қадірі бар. Артқы сиденияның бәрі бірдей емес пе. Көрдің бе, бұл мың тозағының бірі ғана. Айта берсең әңгіме көп. Енді ең негізгісін айтайын ба?. Жұмыр басты пенде болғасын кез-келген адам кейіііііін бір өледі ғой. Сонда қарапайым адамдар жақын адамдары мен өмірді ғана қимай қиналады ғой. Ал, олар оған қоса соншама миллиардтарды қимайды... Сол миллиардтарды жинау үшін өз отанының қаншама байлығын сатты, қаншама күнәға батты, қаншама адамның көзжасына қалды. Енді сол миллиардтардың бәрін қызығын көрместен қалдырып, күнәсін ғана арқалап кетуді ойлашы. Ана жаққа барғанда сұраққа алғанда мен олардың бәрін қалдырып кеттім ғой деп ақтала алмайсың. Жәмән ғой ия.

Өзің ойлашы, бір ай бойы жұмыс істейсің, бірақ айлығыңның қызығын көре алмайсың. Қай президентті көрдің, айлығына бірдеңе алыпты деген. Қайда жұмсайды. Бүгін айлық түсіпті деп банкоматқа бармағасын, керек болып қалар деп 10 мың теңгесін қалдырып, «бұл айда осынша-ақ түсіпті»,- деп үйіңе алып бармағасын, әйеліңмен бірге отырып, аншасын анаған, мұншасын мынаған жұмсаймыз деп жоспарламағасын несіне жұмыс істейді дейм да ей. Өзіңе ұнайтын бірдеңе сатып та ала алмайсың ғой. Не сатып аласың, бәрі тұр ғой. Ақыр мен ештеңеге жарата алмаймын, сендер жұмсаңдаршы деп банкомат карточкасын бере салайын десе, қырсық қылғанда балаларына да керегі жоқ... Құрсын, мен саған айтып отырмын ғой, президенттік деген адам қызығатын жұмыс емес. Барлық елдің президенттігін айтып отырмын мен. Біздің елбасымыз мына бізге, халыққа жаны ашығандықтан отыр ана орында. Әйтпесе билік ол кісіге көк тиынға керек емес. Көрдің бе. Көп сөйлеп кеттім-ау дейм, жүр сыртқа шығып темекі шегіп келейік. Рахмет-ей, досым, келгеніңе. Ішім пысып отыр еді ғой. Солай досым, еш уақытта президент болам деп армандама. Мен де мүлде қызықпаймын. Әйтпесе, өзімді үміткер ретінде ұсынсам болар еді ғой. Ана эмтиханында Мырзатай ағадан өтеміз ғой. Жанында Фаузия апай отыр, ол кісі мені жақсы біледі. 93 мың болмаса да ел бар, жұрт бар 93 дауыс жинаймыз да не бопты. Құрсын, ваще қызықпа. нең бар құрсын. бала-шағаның, достардың ортасында осылай аман-есен жүре берейік.

Бейбіт Сарыбай

Иманғали ағамызға бере салатын президенттік өкілет жай бір зат емес.Сайлау деген,демократия деген нәрселер бар.Халық өзі шешеді кімге дауыс бертінін.Тақ орнынан түсіп,мұрагерлікке беретін монархиялық қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз.
0 дауыс
Әрине қиын Президент болу үшін екіжүзді, айлакер,. жақсы психолог болуың керек
Мәселен кім секілді?Үлгі ретінде кімді,қай елдін президентін ұсынар едіңіз?
0 дауыс
Қайдан оңай болсын тұтас бір мемлекетті басқару.Сізден сұрайын дегенім осы сұрақты екінші рет қойыпсыз,көңіліңізден шыққан жауап таппадыңызба әлде өз ойыңыз,алып-қосарыңыз барма осы тақырыпқа?Болса бөлісе отырыңыз.
0 дауыс
Ел басшысы болу ол бір Алланың қолында. Алла өзі біледі кімді отырғызуды,  Мүмкін сен де болып қалуың мүмкін Алла қолдап жіберіп. Әр мемлекетке Патшаны Алла өзі сайлайды дейді.
0 дауыс
Ия оңай өткенде басқардым президент болып, сосын таң ертең тұрып жұмысқа кеттім !!!
...